26 желтоқсан күні Қазақстанда өтетін маңызды іс-шаралар

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 26 желтоқсанда Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.30-да «Nur Otan» партиясының қалалық филиалында ҚР денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов азаматтарды қабылдайды.

10.00-де Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінде қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі экономикалық және өндірістік қызмет мәселелері бойынша бірінші республикалық кеңес өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының кезекті отырысы болады.

12.00-де «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясында «Мемлекеттік корпорация іске асыратын міндетті зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдар, сондай-ақ БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдерін қайтару жөніндегі қызметтерге бағалар жобалары» тақырыбында жария тыңдау өткізеді.

15.00-де «Сарыарқа» велотрегінде «Президенттік сынақ және Президенттік көпсайыс федерациялар Одағы» ЗТБ кеңесінің кезектен тыс отырысы өтеді.

15.30-да «Аңсар» бизнес орталығында Қазақстанның азаматтық альянсы ҚР қоғамдық кеңестерінің қызметі туралы кешенді баяндаманы таныстырады.

АЛМАТЫ

11.00-де «Алматы» қонақ үйінде «TT Aspandau» пікірталас клубы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің екінші отырысындағы саяси шешімдерін талқылайды.

11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында академик Мәмбет Қойгелдінің жаңа жинағы таныстырылады.

11.30-да Алматы қаласы әкімдігінде «Ауруларды басқару бағдарламасының үздік пациенті» атты бірінші республикалық байқау қорытындысы туралы брифинг өтеді.

11.30-де «Медеу» мұз айдынында әлеуметтік бейімделу мәселелері мен қысқы спорт нысандарындағы есту қабілеті бұзылған балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөлу жөнінде шара өтеді.

Соңғы жаңалықтар