26 жастағы азамат түрмеге түсу үшін әдейі полицейді сабады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - РФ Томск облысы Северск қалалық прокуратурасы сотқа полиция қызметкеріне дене жарақаттарын салғаны туралы қылмыстық іс жолдады.

Қаланың 26 жастағы тұрақты табысы жоқ тұрғыны өзін баспана  және тамақпен асырау мақсатында түрмеге түскісі келген. Ол полицияның кезекші бөлімшесіне келеді. Қызметтік киіммен шығып қарсы алған полицейге: «капитан, осылай етуге тура келді» деп, оны бетінен екі рет жұдырықпен ұрған, артынша баспалдақпен көтеріліп, үстіне секірген.

Ер адам ұсталған, ол өз айыбын толық мойындады. Одан полицейлер «ешқайда кетпеу» туралы қолхат алды.

Соңғы жаңалықтар