+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

26 тамыз. Туған күн иелері

2019 жылғы 26 тамыз 08:08
Бөлісіңіз:
26 тамыз. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 26 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


53 жыл бұрын (1966) ҚР Парламенті Мәжілісі VI шақырылымының депутаты, аграрлық мәселелер жөніндегі комитеттің мүшесі Сәкен Әсембекұлы ҚАНЫБЕКОВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Төлеби ауданында туған. Білімі жоғары, мамандығы - ғалым агроном, экономист.

Еңбек жолын 1988 жылы Алматы облысы Талғар ауданының Мичурин атындағы колхозда колхозшы болып бастаған. 1992-1994 жылдары «Бақтілеу» фирмасының халық тұтынатын тауарларын тарату цехының бастығы. 1994-1995 жылдары «Бақтілеу» фирмасы директороның коммерциялық мәселелер жөніндегі орынбасары. 1995-2000 жылдары «Заман» ЖШС директорының орынбасары. 2000-2001 жылдары «Корпорация НИМЭКС» ЖШС аға менеджері. 2001-2005 жылдары «Корпорация НИМЭКС» ЖШС Түркістан қаласындағы директоры. 2005-2006 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы «Корпорация НИМЭКС» ЖШС Шардара ауданы мақта зауытының директоры. 2006 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданы әкімінің орынбасары. 2006-2009 жылдары Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданының әкімі. 2009-2010 жылдары ҚР Президенті Әкімшілігі ұйымдастыру-аумақтық және мемлекеттік бақылау бөлімінің мемлекеттік инспекторы. 2010 жылдан бастап Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары болды.

2016 жылдың наурыз айынан бастап қазіргі қызметінде.


45 жыл бұрын (1974) Қазақстан Республикасының Нидерланд Корольдігіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі, Химиялық қаруға тыйым салу ұйымындағы Қазақстан Республикасынның тұрақты өкілі Мағжан Жанболатұлы ІЛИЯСОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Әлем тілдері университетінің Халықаралық қатынастар факультетін үздік бітірген. 1994-1995 жылдары АҚШ-тың Монтана Штатындағы Университетте білім алмасу бағдарламасы бойынша оқыды. ҚазМӘТУ-ді бітіргеннен кейін, 1996 жылдан 1999 жылға дейін Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің орталық аппаратында (референт, Халықаралық ұйымдар және халықаралық экономикалық қатынастар бас басқармасында атташе, БҰҰ және халықаралық экономикалық қатынастар басқармасында үшінші, екінші хатшы) қызмет етті. 1998 жылғы мамыр мен тамыз аралығында - «Kлингендаль» халықаралық қатынастар институты дипломатиялық курстарының тыңдаушысы, Гаага, Нидерланды. 1999 жылдан бері Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігінде қызмет істеді (Президент Протоколында конусультант, Президент Кеңсесінде бас сарапшы, Сыртқы саясат орталығында бас инспектор). 2007 жылдың ақпанында Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды. 2013 жылғы мамырда ҚР Президентiнiң «Болашақ» халықаралық стипендиясы аясында Гарвард Университетінде «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистратураны бітірді. 2013 жылғы маусым мен желтоқсан аралығында - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2013 жылғы желтоқсанда Мемлекет басшысының Өкімімен Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.

2016 жылдың мамыр айынан бастап қазіргі қызметінде.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерейтойлық медалімен және «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT