+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

26 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 26 тамыз 07:00
Бөлісіңіз:
26 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 26 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1920 жылы Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құру жөнінде арнайы Декрет шығарды. 26 тамыз – қазақ халқының мемлекеттілік мәртебесін қайтаруына қадам жасалған тарихи күн.

1998 жылы Тараз қаласындағы Тараз мемлекеттік университетінің алдына ұлы тарихшы, шығыстанушы, ойшыл, ақын, қолбасшы Мұхамед Хайдар Дулатиге ескерткіш орнатылды.

1999 жылы Қазақ ұлттық университеті ғимаратында академик Өмірбек Жолдасбековке ескерткіш тақта орнатылды.

2005 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдық мерейтойына арналған жаңа көркем пошта маркаларының таныстырылымы болып өтті. Пошта маркасында Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 жылдығын тойлау рәсімі бейнеленген. Марка офсет әдісін қолданылып төрт түрлі бояумен орындалған, өлшемі 33 х 27,5 мм. Ресімдеуші - Р.Жапалова. ҚХР байланыс және ақпараттандыру министрлігі жанындағы Қытай пошта маркаларының типографиясында жасалған.

2010 жылы Өскеменде қаладағы ең үлкен сағат орнатылды. Металдан жасалған жаңа құрылыстың биіктігі 10 метр, сағат бауының ені - 1 метр, 20 сантиметр, циферблатының диаметрі - 3 метр.

2011 жылы Астанадағы Ұлттық теннис орталығына Азия теннис орталығы дәрежесі берілді.

Енді әлемде екі Азия теннис орталығы бар - біреуі Бангкокта, екіншісі - Астанада.

2011 жылы Астанадағы Күләш Байсейітова атындағы Ұлттық опера және балет театрының сахнасында ұлы қырғыз жазушысы Шыңғыс Айтматов пен белгілі қазақ драматургі Қалтай Мұхамеджановтың әлемге әйгілі «Көктөбедегі кездесу» спектаклі қойылды. Пьеса 30 жылдан бері әлем театрлары сахнасынан түспей келеді. Кезінде ол Вашингтонда, Лондонда, Токиода да қойылған болатын.

2013 жылы «Алтай - түркі әлемінің алтын бесігі» атты ІІ халықаралық форум аясында ғылыми-техникалық конференция өткен С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде «Алтайтану» орталығы ашылды.

Оның жұмысына Моңғолия, Қытай, РФ Алтай өлкесі, басқа да шет елдер қатысты.

2016 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев ХХХІ жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлерін марапаттауға арналған салтанатты рәсімге қатысты. Рәсімді ашқан Мемлекет басшысы барша қазақстандықтарды Ұлттық құраманың Рио-де-Жанейродағы ХХХI жазғы Олимпия ойындарында табысты өнер көрсетуімен құттықтап, чемпиондарды «Барыс» орденімен марапаттады.

2016 жылы Өскемендегі Үлбі металлургия зауытының аумағында Төмен байытылған уран банкі ғимаратының құрылысы басталды. МАГАТЭ-нің Қазақстанды таңдауын елдің халықаралық аренадағы жоғары беделі мен әлемдік қоғамдастықтың Қазақстанға деген жоғары сенімінің айғағы болды.

2017 жылы Қарағандыда рок жұлдызы Виктор Цойға ескерткіш қойылды. Трафарет түрінде жасалған ескерткіште Күннің тұтылуы өрнектеліп, Күннің ішіне Виктор Цойдың кескіні түсірілді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT