+7 (701) 759 90 19
USD 423.91 EUR 497.37
RUB 5.82 CNY 65.59
Jańalyqtar

26 шілде. Туған күн иелері

2021 жылғы 26 шілде 08:10
Бөлісіңіз:
26 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 26 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
26 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі 25 қыркүйек. Туған күн иелері 25 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

ЕСІМДЕР

67 жыл бұрын (1954) – Қазақстанның мемлекет қайраткері, Қазақстан Футбол федерациясының президенті, Ұлттық олимпиада комитетінің жазғы спорт түрлері бойынша вице-президенті Әділбек Рыскелдіұлы ЖАҚСЫБЕКОВ дүниеге келді. Қостанай облысы Қарабалық ауданының Бөрілі ауылында туған. 1977 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының (Мәскеу қаласы) экономика факультетін бітірген, 1987 жылы Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында «материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. Экономика ғылымдарының кандидаты. Қазақ КСР Мемкино және Мемжабдықтау жүйесінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорындарды басқарған. 1988-1995 жылдары «Цесна» көпсалалы корпорациясын басқарды. 1995 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланды. 1996 жылы – Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары. 1997-2003 жылдары – Астана қаласының әкімі. 2003-2004 жылдары – Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі. 2004-2008 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы. 2008 жылғы қаңтар мен қазан аралығында – «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары – Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі. 2008-2009 жылдары – Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. 2009-2014 жылдары – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі. 2014 жылғы сәуір мен қазан аралығында – Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы. 2014-2016 жылдары – Астана қаласының әкімі. 2016-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы. 2018 жылғы қыркүйектен «Цесна» корпорациясы» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. Қазіргі қызметін 2018 жылғы ақпан айынан бері атқарып келеді. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», I, II және III дәрежелі «Барыс», III дәрежелі «князь Ярослав Мудрый» (Украина) ордендерімен және медальдармен наградталған. Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие.

36 жыл бұрын (1985) Тараз қаласының прокуроры Жамбыл Сырлыбекұлы СМАТОВ дүниеге келді. Еңбек жолы: Жамбыл облысы Жамбыл ауданы мен Тараз қаласы прокурорларының көмекшісі, Бас прокуратураның әлеуметтік-экономикалық саладағы заңдылықты қадағалау департаментінің бөлім прокуроры, Бас Прокурор аппаратын Бас Прокурордың аға көмекшісі, Ақмола облысының Целиноград ауданының прокуроры, Нұр-Сұлтан қаласы «Сарыарқа» ауданының прокуроры (2017-2019) лауазымдарын атқарған. Қазіргі қызметінде 2019 жылдың қыркүйегінен бастап.

36 жыл бұрын (1985) «Хабар» Агенттігі» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары Ләззат Кеңесқызы СҮЙІНДІК дүниеге келген.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін, Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін, Ұлыбританияның Шеффилд университетін («Болашақ» бағдарламасының түлегі, өнер магистрі) бітірген. Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Жастар Конгресі қоғаммен байланыс бөлімінің менеджері (2005); «Парасат» ақпараттық-талдау орталығы біріккен қоғамының бас маманы (2005-2006); Астана қаласы әкімдігі Ішкі саясат департаменті Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің сарапшысы (2006-2008); Мәдениет және ақпарат министрлігінде әртүрлі лауазымдарда қызмет атқарған (2008-2014); Қазақстан Республикасы Инвестициялар мен даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті Электрондық БАҚ басқармасының басшысы (2014-2016); Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитеті төрағасының (2016-2018) орынбасары. Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы (2019-2021).Қазіргі лауазымын атқаруға 2021 жылы кірісті.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Бибіхан Серікова

Ұқсас жаңалықтар
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT