26 шілде: Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 25 шілде күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

26 шілде, БЕЙСЕНБІ

ЕСІМДЕР

82 жыл бұрын (1936-1990) жазушы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ӘБДІХАЛЫҚОВ Маршалл дүниеге келді.
Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында туған. Қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің филология факультетін бітірген. Еңбек жолын мектепте мұғалім болып бастап, Тарас Шевченконың әдеби-мемориалды мұражайында, «Жас алаш» газетінде, «Қазақстан әйелдері», «Жұлдыз» журналдарында, «Қазақфильм» киностудиясында еңбек еткен. Жазушының «Желаяқ бала», «Алыстағы Маңғыстауда», «Қара тасқын» повестері, «Жердің асты жеті қат», «Сүйінқара» романдары жарық көрген. «Асыл жандар» атты пьесасы Атырау облыстық музыкалық драма театрының сахнасында қойылған. Маңғыстау облысының Түпқараған ауданы Ақшұңқыр ауылындағы орта мектепке жазушының есімі берілген және мұражайы бар.

82 жыл бұрын (1936) қоғам қайраткері, ғалым-офтальмолог, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген дәрігері МҰСТАФИНА Жанар Ғабиденқызы дүниеге келді.
Ресейдің Новосібір қаласында туған. Қазақ медицина институтын бітірген. Негізгі ғылыми еңбектері көру мүшесінің патологиясы бар ауруларды анықтауға, емдеуге және сауықтыруға арналған. Ол мыс қорыту өндірісінде жұмыс істейтін адамдардың көз патологиясына ұшырау себептерін зерттеген. Оның басшылығымен глаукома ауруын анықтау, емдеу және одан зағип болып қалмау әдістері жетілдірілді, офтальмологиялық жұмыстарға қажетті директивті-нормативтік құжаттар әзірленді, сондай-ақ халыққа офтальмологиялық көмек көрсету мәселесі және Қазақстанда көз микрохирургиясы ұйымдастырылды, оқу-әдістемелік және ғылыми-өндірістік «Офтальмология» бірлестігі құрылды. Ғалым 1960 жылдан бері Қазақ көз аурулары ғылыми-зерттеу институтында еңбек етті. «Құрмет белгісі» және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

null 70 жыл бұрын (1948-2007) дирижер, Қазақстанның халық әртісі, Батыс Берлинде өткен Халықаралық дирижерлер байқауының дипломанты, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері ӘБДІРӘШЕВ Төлепберген дүниеге келді.
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында туған. Алматы консерваториясын (қазіргі Қазақ ұлттық консерваториясы), Мәскеу консерваториясын Г.Н.Рождественскийдің класы бойынша бітірген. 1974-1975 жылдары - Шымкент музыкалық училищесінің оқытушысы. 1979-1982 жылдары - Қазақ симфониялық оркестрінің дирижері. 1982-1983 жылдары Вена музыкалық академиясында (Австрия) тәжірибе жинақтаудан өткен. 1985-1987 жылдары - Қазақ академиялық опера және балет театрының бас дирижері. 1987 жылдан Қазақ симфониялық оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері қызметтерін атқарған. Әр жылдары өнер сапарымен АҚШ-та, Англияда, Германияда, Ресейде, Украинада симфониялық оркестрлерге дирижерлік етті.

null 68 жыл бұрын (1950) 20 жылдан астам уақыт бойы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі болған ОХЛОПКОВА Татьяна Витальевна дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданының Славянка ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет) бітірген. 1969-1979 жылдары Қазақстан ЛКЖО Ақтау қаласындағы қалалық комитетінде, 1979-1982 жылдары «Қызыл ту» өндірістік бірлестігінде инженер, Әуезов аудандық халықтық бақылау комитетінің инспекторы болып жұмыс істеген. 1982-1991 жылдары - Қазақстан Компартиясы Әуезов аудандық комитетінің нұсқаушысы, Алматы қалалық партия комитетінің ұйымдастыру бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті жалпы бөлімінің нұсқаушысы. 1991-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының хаттар және азаматтарды қабылдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, қабылдау бөлмесінің меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Министрлер кабинеті істері басқармасының хаттар және азаматтарды қабылдау бөлімі меңгерушісінің орынбасары, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің хаттар және азаматтарды қабылдау секторының меңгерушісі. 1995-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметін атқарған. Елбасының 2016 жылғы 30 қыркүйектегі Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі қызметінен босатылды.

null 68 жыл бұрын (1950) эстрада әншісі, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі МЕЙІРБЕКОВ Ақжол Нұсқабекұлы дүниеге келді.
Оңтүстік Қазақстан облысының Арыс қаласында туған. Ташкент музыка училищесін, Ташкент ауыл шаруашылығы институтын бітірген. Алғаш рет Ташкентте өткен «Алло, біз таланттарды іздейміз» телебайқауына қатысып, жүлдеге ие болған. «Дос-Мұқасан» ансамблінің құрамында әнші болып, Бүкілодақтық, дүниежүзілік және халықаралық фестивальдар мен байқауларға қатысып, лауреаты атанған. Кейіннен Алматы облыстық Сүйінбай атындағы филармонияның «Арқас», «Сазген», «Адырна» ансамбльдерінің әншісі болды. 1994-1996 жылдары «Гүлдер» ансамблінің директоры әрі көркемдік жетекшісі қызметтерін атқарған. Бірнеше медальдармен марапатталған.

null 64 жыл бұрын (1954) ҚР Президент Әкімшілігінің басшысы  ЖАҚСЫБЕКОВ Әділбек Рыскелдіұлы дүниеге келді. 

Қостанай облысы, Қарабалық ауданының Бөрілі ауылында туған.

1977 жылы Бүкілодақтық мемлекеттік кинематография институтының (Мәскеу қаласы) экономика факультетін бітірген, 1987 жылы Плеханов атындағы Мәскеу халық шаруашылығы институтында «материалдық-техникалық жабдықтауды ұйымдастырушы» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті. Экономика ғылымдарының кандидаты.

Қазақ КСР Мемкино және Мемжабдықтау жүйесінде жұмыс істеді, бірқатар кәсіпорындарды басқарған.

1988-1995 жылдары «Цесна» көпсалалы корпорациясын басқарды.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Парламентінің Сенатына сайланды.

1996 жылы - Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары.

1997-2003 жылдары - Астана қаласының әкімі.

2003-2004 жылдары - Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрі.

2004-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы.

2008 жылғы қаңтар мен қазан аралығында - «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы төрағасының бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.

2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

2009-2014 жылдары - Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі.

2014 жылғы сәуір мен қазан аралығында - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.

2014-2016 жылдары - Астана қаласының әкімі.

2016 жылғы 21 маусымда Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев», I, II және III дәрежелі «Барыс», III дәрежелі «князь Ярослав Мудрый» (Украина) ордендерімен және медальдармен наградталған.

Төтенше және Өкілетті Елші дипломатиялық дәрежесіне ие.

null 110 жыл бұрын (1908-1973) Чилидің мемлекет және саяси қайраткері, 1970-1973 жылдардағы Чили президенті Сальвадор Альенде ГОССЕНС дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар