26 сәуірде Алексей Цой бірінші болып қазақстандық вакцинаны салдырады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 сәуір күні Қазақстанда отандық вакцинамен екпе жасау науқаны басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Бұл жайында Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі мәлімет таратты.

«26 сәуірде Қазақстанда биологиялық қауіпсіздік проблемалары ғылыми-зерттеу институтының базасында шығарылған және өңірлер бойынша 50 мың доза мөлшерінде бөлінетін QazCovid-in қазақстандық вакцинасымен вакцинация басталады» деп жазды ведомство Facebook парақшасында.

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып КВИ-ге отандық QazVac вакцинасымен екпе алады.

Қазақстандық денсаулық сақтау министрлігі басшысының вакцина жасату рәсімін ертең, 26 сәуірде, таңғы сағат 08:45-те Хабар24 телеарнасының тікелей эфирінен және ведомствоның Facebook желісіндегі ресми аккаунтынан көруге болады.

Еске сала кетейік, біз бұған дейін Қазақстанның ШҚО-дан басқа барлық өңіріне QazVac вакцинасының 50 мың дозасы жөнелтілгенін жазған болатынбыз.

Екпенің алғашқы партиясы 25 мың адамға салынады деп жоспарланған.


Соңғы жаңалықтар