26 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2023 жылғы 26 наурызға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Күлгін түс күні

2008 жылғы 26 наурыздан бері қалың жұртшылыққа эпилепсия ауруы туралы ақпарат беру мақсатында атап өтіледі. Оған қатысушылар киімдеріне күлгін түсті таспаны (эпилепсияның символы) түйреп алады. 2009 жылы Күлгін күн АҚШ-та анита Кауфманн қорының қолдауымен тойланды. Акцияға 100 мыңнан астам студент, 95 ұйым өкілдері және 116 саясаткер қатысты. Содан бері оған қатысушылардың қарасы көбейіп келеді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1937 жылы 1936 жылы 5-желтоқсанда КСРО-ның жаңа Конституциясы қабылдануына және Қазақ Автономиялы КСР-ның Қазақ КСР одақтас республика болып қайта құрылуына орай Қазақстан Кеңестерінің төтенше X съезі өтіп, Қазақ КСР-ның жаңа Конституциясы қабылданды.

1963 жылы Алматы көпір конструкциялары зауыты құрылды, оның өнімі көпірлер, автомобиль жолдары, жолөткелдер, сондай-ақ басқа да объектілер құрылысына арналған бұйымдар жиынтығынымен ерекшеленеді. Ол Семейде Ертіс өзені арқылы өтетін көпірдің құрылысы, Астана, Ақтөбе қалаларында ұшу-қону жолағының құрылысы, Алматы - Астана, Алматы - Бішкек жолдарын қалпына келтіру сияқты Қазақстан Республикасының ірі жобаларын жүзеге асыруға қатысты.

1993 жылы Қызылорда қаласында Арал теңізі проблемалары бойынша мемлекетаралық келісімге қол қойылды. Келісімге Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан Республикаларының президенттері қол қойды. Келісімнің арнайы баптарында Арал теңізі айдынындағы экологиялық дағдарысқа байланысты негізгі мәселелер нақты қаралды. Апаттың алдын алуға, қоршаған ортаны сауықтыруға және Арал аймағының әлеуметтік-экономикалық дамуын қамтамасыз ететін, денсаулық сақтау, т.б. шараларға тікелей назар аударылды. Келісімді орындаудың алғышарты ретінде Халықаралық Арал қоры, Арал теңізі мәселелері жөніндегі мемлекетаралық кеңес құрылып, олардың ұйымдық мәселелері шешілді.

2008 жылы Алматыда Өзбекәлі Жәнібеков атындағы көшенің ашылу рәсімі өтті. Новая көшесіне Өзбекәлі Жәнібековтің есімін беру туралы шешімді Алматы әкімі мен қалалық мәслихат шығарды. Өзбекәлі Жәнібеков (1931-1998) - мемлекеттік қайраткер, этнограф, тарих ғылымдарының кандидаты. Ол ұлттық мәдениеттің, ана тілінің, қазақ халқы дәстүрлерінің өркендеуі мен дамуына үлкен үлес қосты. ХХ ғасырдың 70-3 жылдары Ахмет Ясауи кесенесін қайта қалпына келтірудің бастамашысы болды. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту орденімен наградталды.

2011 жылы Алматыда халықаралық музыкалық жоба - «Ұлы Даланың үнсіздігі» кантатасы орындалды. Үш бөліктен тұратын шығарманың драмалық көріністері қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде орындалды. Шығарма авторы - Американың белгілі композиторы Энн Ли Бэрон, соло нөмірін орындаған Т. Бекбосыновты «Нью-Йорк Таймс» газеті жоғары бағалады.

2012 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының әкімдігі өңірдегі 6 елді мекенді - Арыс, Түркістан, Сарыағаш, Жетісай, Шардара, Леңгірді моноқалалар тізіміне енгізуді ұсынды.

2015 жылы Қазақстанның Лондондағы шетелдік студенттік ұйымның көшбасшылары мен мүшелері (Ұлыбритания, АҚШ, Қытай, Швейцария) «ҚазАльянс» жаңа ұйымына «Қазақстан -2050» жалпыұлттық қозғалысының аясында біріктіру бойынша декларацияға қол қойды. Әлемдік қоғамдастықты дамытудың қазіргі жағдайларында бірыңғай ұйым барлық қазақстандық студенттерге оқу және тұрғылықты жеріне қарамастан өздерінің құқықтары мен мүдделерін, соның ішінде өзін-өзі жүзеге асыру құқығын іске асыруға мүмкіндік береді.

2016 жылы Алматы қаласында С.Д. Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университеті мен Дьюк университеті (АҚШ) арасындағы Меморандумға қол қойылды.

2018 жылы Qazaqstan ұлттық телеарнасы көрермендеріне «Алаш» партиясы өкілдерінің өмірі, тағдыры, қызмет жолы туралы әңгімелейтін «Тар заман» телехикаясын ұсынды. Телехикаяда 34 тарихи тұлға туралы әңгіме өрбиді.

2018 жылы Қазақстанның Халық әртісі, Қазақ ұлттық өнер университетінің ректоры Айман Мұсақожаеваға Италия Республикасының Президенті С. Маттарелла Италия Республикасының алдындағы қызметтері үшін Орденінің кавалері атағын берді. Осы награда Италия мен Қазақстан арасындағы екіжақты қарым-қатынастардың мәдени, көркемөнер және білім беру салаларына қосқан сүбелі үлес үшін берілді. Орден Италияның ұлттық ордендерінің алғашқысы, ол 1951 жылы бекітілген.

2019 жылы Оңтүстік Кореяның ең танымал Korean Broadcasting System телекомпаниясының түсірілім тобы Қазақстан жайлы бағдарлама түсірді. Түсірілімге Қазақстандағы Астана, Алматы қалалары сияқты көрнекті орындар мен табиғаты ғажайып Бурабай курорты таңдап алынған. Түсіру тобы курортты аймақта Наурыз мейрамының тойлану барысын тамашалап, қазақ халқының бай мәдениетімен танысты, түрлі спорттық ойындарды көріп, ұлттық тағамдардан дәм татты.

2021 жылы көрнекті театр және кино режиссері туралы «Әзірбайжан Мәмбетов: даңққа апарар жол» кітабы жарық көрді. Кітап авторы – журналист, жазушы Назым Сапарова. Бұл автордың әңгіме жанрындағы алғашқы маңызды кітабы. Кітапта Ә.Мәмбетовтің өмірі, майдандық жылдардан қалай аман өткені, балалар үйіне қалай түскені, хореографиялық училищеде оқығаны және режиссер болуды қалай шешкенін жазылған.

2022 жылы Қарағанды индустриялық университетінің ғалымдары Қарағанды кешенді қорытпалар зауытының (KSAP) қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстанда алғаш рет жаңа және тиімді технологияны пысықтау үшін қуаты 250 кВА электр пешінде ферросиликомарганецті эксперименттік балқытуды жүргізді.

Әдістің бірегейлігі жоғары марганец қожы мен қайта өңделген шойын алу үшін кондиционерленбеген темір-марганец кендерін өңдеуден тұрады.


Соңғы жаңалықтар