26 маусым. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат сәрсенбі, 26 маусымға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


null 55 жыл бұрын (1964) «Казахстанская правда» республикалық газетінің бас редакторының орынбасары Сәбит Ғалымұлы МАЛДЫБАЕВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысында туған. 1990 жылы Қостанай педагогикалық институтын филолог мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы: Сергеевский Мәдениет үйінің басшысы (1980-1983 жж.); Қостанай педагогикалық институтында оқыды (1983-1985); Кеңес Армиясы қызметінде (1985-1987); Қостанай педагогикалық институтында оқуын жалғастырды (1987-1990); Сергеевск аудандық «Новатор» газетінде журналист, бөлім меңгерушісі, бас редакторының орынбасары (1990-1998); Сергеевск аудандық «Новатор» газетінің бас редакторы (1998); «Кешкі Астана» газетінің тілшісі, «Казахстанская правда» газетінің бас редакторы, «Аграрлық Қазақстан» республикалық газетінің бас редакторының орынбасары (1998-2000); Батыс Қазақстан облыстық «Приуралье» газетінің бас редакторы, Орал қаласы (2006-2008); арнайы корреспондент, «Казахстанская правда» ААҚ-ның экономика бөлімінің редакторы (2008-2009); «Казахстанская правда» газетінің бас редакторының орынбасары (2009-2011); «Казахстанская правда» республикалық газетінің редакторы (2011 жылдан бастап).

null 46 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі Инвестициялар жөніндегі комитеттің төрағасы Бақыт Данабекұлы БАТЫРШАЕВ дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 1995 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін тәмамдаған. ҚР Сыртқы істер министрлігінде еңбек етіп, осы ведомствоның Азия және Африка жөніндегі департаментіне басшылық жасады (1995-1997); ҚР-дың Мысыр Араб Республикасындағы елшілігінің атташесі (1997-2001); ҚР СІМ Екіжақты қарым-қатынас департаментінің екінші хатшысы (2001-2002); ҚР СІМ Азия, Таяу Шығыс және Африка департаментінің екінші хатшысы (2002); ҚР-дың Мысыр Араб Республикасындағы елшілігінің үшінші хатшысы, екінші хатшысы, бірінші хатшысы (2002-2005); ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің басқарма басшысы, директор орынбасары (2005-2009); ҚР-дың Сауд Арабиясы Корольдігіндегі елшілігінің елші-кеңесшісі (2009-2010); ҚР-дың Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы тұрақты өкілі (2010 жылдан бастап); ҚР-дың Сауд Арабиясы Корольдігіндегі төтенше және өкілетті елшісі; ҚР-дың Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы тұрақты өкілі (2013-2019)

Қазіргі қызметінде 2019 жылдың сәуірінен.

null 45 жыл бұрын (1974) Қостанай облысы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары Марат Қонысбайұлы ЖҮНДІБАЕВ дүниеге келді.

Білімі - жоғары. 1997 жылы А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін тарих мамандығы бойынша, 2002 жылы Қазақ құқықтану және халықаралық қатынастар институтын құқықтану мамандығы бойынша, 2009 жылы Халықаралық бизнес университетін «мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша тәмамдаған. Саяси ғылымдар кандидаты. 2013 жылдың ақпанынан Лисаковск қаласының әкімі қызметін атқарған. Қазіргі қызметінде 2015 жылдың қыркүйегінен.

Соңғы жаңалықтар