26 мамырда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
2022 жылғы 25 мамыр 20:39

26 мамырда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 26 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.30-да Rixos President қонақ үйінде кәсіпкерлер палатасы жанындағы Өңірлік кеңестің елорда бизнес-қоғамдастығы алдында есептік кездесуі өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының отырысы өтеді.

11.00-де «AMANAT» партиясы өкілдерінің «Үркер» алабының тұрғындарымен арнайы кездесу өткізеді. Партия өкілдері Ата Заңға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар жайында «Үркер» тұрғын алабында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізеді.

11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігі «Интернет-алаяқтыққа қарсы күрес туралы» онлайн-брифинг өткізеді. Спикер: ҚР ІІМ Криминалдық полиция департаменті бастығының орынбасары Серік Шалқаров.

11.00-де ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі M.S. Narikbaev atyndaǵy KAZGUU Universiteti-мен бірлесіп, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптаманы жетілдірудің өзекті мәселелері» атты халықаралық форум-семинар ұйымдастырады. Кездесу гибридті форматта өтеді.

13.00-де Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі жанындағы «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Алтын күн» V балалар патриоттық әндер фестивалінің финалы өтеді.

14.30-да «EXPO» халықаралық көрме орталығында KIOSH-2022 – Еңбекті қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздік бойынша Х Қазақстандық халықаралық конференция және көрме өтеді.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Күзгі іңір» трагикомедиясы көрсетіледі.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Абай-Тоғжан» музыкалық драмасы қойылады.


Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер жаңалықтары

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT