26 мамырда елімізде өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА.ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 26 мамырда елімізде болатын маңызды оқиғаларға шолуды ұсынады.

АСТАНА

Сағат 9:00-де «Көрме» атты  көрме кешенінде «Пәтер көрмесі» өтеді. Ол жерге келушілер бір күннің ішінде жылжымайтын мүлікті сатып алу бойынша тамаша ұсыныстармен таныса алады. Сондай-ақ осы шара аясында баспасөз маслихаты да ұйымдастырылады. 

Сағат 11:00-де «Дәулет» спорт кешенінде Мәдениет және спорт министрлігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Сенің жаңа қырың!»  челленджі аясында өңірлермен ауқымды «Спорттық телекөпір» ұйымдастырады.

АЛМАТЫ

Сағат 10:00-де Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінде Түлектер күніне орай салтанатты шара өтеді.

Сағат 11:00-де CarsKz көлік қауымдастығының  #MotorFest автокөрмесі ұйымдастырылады. Іс-шара «Медеу» КҚК аумағында Castrol EDGE, Flash Energy және GOODYEAR қолдауымен өтеді.

Сағат 12.00-де  Достық үйінде «Журналистика және сандық Қазақстан» форумы өтеді. Шара қазақ тілін латын әліпбиіне көшіруге арналған «Q тренді» жобасы аясында ұйымдастырылады. 

АЛМАТЫ ОБЛЫСЫ

Сағат 14:00-де Көксу ауданының  Мұқры ауылында әуесқой велошабандоздар арасында әлемдік деңгейдегі аса беделді «Gran Fondo Kazakhstan - 2018» жарысының кезекті кезеңі өтеді. Оған Қазақстан, Ресей, Германия, Польша, Өзбекстан, Қырғызстан және Украинаның 200-ден астам спортшылары мен әуесқой велошабандоздары қатысады. Аталмыш жарыс әлемдегі ең белгілі әрі танымал сайыс. Ол дүниежүзінің 12 елінде өтеді. Шара екі күнге жалғасады.

ӨСКЕМЕН

Сағат 11.00-де С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың №1 ғимаратында (218 ауд.) «Ресей - Қазақстан: мәдениетаралық диалог жаһандану кезеңіндегі мәдениетті дамыту факторы ретінде» халықаралық дөңгелек үстелі өтеді.

ШЫМКЕНТ

Сағат 11:00-де  Әл-Фараби алаңында Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдаған «Сенің жаңа қырың!»  челленджі аясында өңірлермен ауқымды «Спорттық телекөпір» ұйымдастырылады. Оның мәнісі - облыстармен бірігіп сауықтыру гимнастикасын жасау.

Аталған іс-шараға спорт федерациясының қазіргі заманғы тәрбиеленушілері «брейк-данс» биін, көркем гимнастика мен черлингтан өнерін көрсетеді.

АТЫРАУ

 Сағат 16.00-де Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетіндегі «Жайық» мәдени-спорттық кешенінде «Astana Arlans» және «BritishLionhearts» командалары кездеседі.

Соңғы жаңалықтар