26 мамырда ел аумағының басым бөлігінде жел күшейіп, жаңбыр жауады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды; дауыл соғып, жел күшейеді, шаңды дауыл тұруы ықтимал. Одан бөлек, бұршақ жаууы мүмкін. 

Бұл туралы ҚР ІІМ ТЖК баспасөз қызметі хабарлайды.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында желдің жылдамдығы 15-20, кей жерлерде екпіні  23-28  м/с-ға дейін күшеюі  ықтимал, Сондай-ақ, дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі. 

Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының, түнде Алматы облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға жетеді. Батыс Қазақстан облысында шаңды дауыл күтіледі.

Ақтөбе облысында желдің жылдамдығы 15-22 м/с-ға дейін күшейіп, дауыл соғып, бұршақ жаууы мүмкін.

Атырау облысының кей жерлерінде түнде, басым бөлігінде күндіз желдің жылдамдығы 15-22, екпіні 25 м/с-ға дейін күшеюі күтіледі.

Қызылорда, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-23 м/с-ға дейін күшейеді; дауыл болып, бұршақ жаууы мүмкін. Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

Соңғы жаңалықтар