+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

26 мамыр. Туған күн иелері

2019 жылғы 26 мамыр 08:08
Бөлісіңіз:
26 мамыр. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 26 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


43 жыл
бұрын (1976) Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Ерлан Тынымбайұлы ҚАРИН дүниеге келді.

Оңтүстік Қазақстан облысының Сайрам ауданында туған. Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің аспирантурасын бітірген. Саясаттану ғылымдарының кандидаты.
1998 жылдан 2000 жылға дейін Қазақстан даму институтының Саяси зерттеу орталығында аға ғылыми қызметкер болып еңбек етті. 2000-2003 жылдары Орта Азиялық саяси зерттеу агенттігінің директоры, 2004-2006 жылдары терроризмге қарсы орталық бағдарламасының бағдарлама директоры қызметін атқарды. 2006-2008 жылдары Маңғыстау облысы әкімінің кеңесшісі болды. 2008 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды. 2008-2013 жылдары «Нұр Отан» партиясының хатшысы қызметін атқарды. 2014-2017 жылдары Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтының басшысы. 2017-2019 жылдары «Қазақстан» РТРК Басқарма төрағасы. Қазіргі қызметінде 2019 жылдың сәуір айынан бері.

«Құрмет» орденімен марапатталған.



null 42 жыл
бұрын (1977) «Kazakh Tourism» Ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Майя Ерболатқызы ЕГІМБАЕВА дүниеге келді.

Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік заң университетін бітірген (1998), құқықтанушы.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің заң қызметі департаментінің қаржы органдарының қызметін құқықтық қамтамасыз ету басқармасының коммерциялық заңнама бөлімінің бас маманы (1998-1999); «Қазақойл» ҰК» ЖАҚ-та түрлі қызметтер атқарған (1999-2002); «ҚазТрансОйл» ЖАҚ заң департаментінің заңгер консультанты (2002-2003); «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаментінің аға заңгері (2003-2004); «ҚазРосГаз» АҚ бас заңгері (2004-2006); «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ құқықтық қамтамасыз ету департаменті директорының орынбасары, сервистік активтерді басқару департаментінің директоры (2006-2012); «Инжиниринг БХК» ЖШС әкімшілік мәселелер және шұғыл қызметтер жөніндегі директоры (2012-2013); «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ заң департаментінің директоры (2013-2014); «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры (2014-2015); «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры - заң департаментінің директоры (2015-2017).

Қазіргі лауазымын 2017 жылдан бері атқарып келеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT