+7 (701) 759 90 19
USD 389.98 EUR 434.01
RUB 6.10 CNY 55.04
Jańalyqtar

26 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 26 мамыр 07:00
Бөлісіңіз:
26 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2019 жылғы 26 мамырға арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Қазақстандағы Химия өнеркәсібі қызметкерлерінің күні

Химия және мұнай-химия өнеркәсібі қызметкерлерінің кәсіби мерекесі Қазақстан Республикасы Президентінің 1998 жылғы 20 қаңтардағы № 3827 Жарлығымен бекітілді. Жыл сайын мамыр айының соңғы жексенбісінде дәстүрлі түрде атап өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1856 жылы Шоқан Уәлиханов «Көкетай ханның ертегісін» алғаш рет қағаз бетіне түсірді. Бұл күн әйгілі «Манас» эпосының жазылуының басы ретінде тарихқа енді.

1993 жылы Түркияның Ыстанбұл, Бурса және Балакесер қалаларында қазақ ақыны Мағжан Жұмабаевтың туғанына 100 жыл толуына орай поэзия күндері өтті.

1995 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қазақ жеріндегі атом қаруының жойылғаны жөніндегі үндеуі баспасөз бетінде жарық көрді.

Семей полигонының аумағында соңғы ядролық заряд жойылды. Ұзақ жылдар бойы көп қасірет шеккен Қазақстан халқы халықаралық атом зардабының бүкіл ауыртпалығын көтеріп келді. 45 жыл бойына дерлік Семей даласында 459 ядролық жарылыс, соның ішінде ауада 113 жарылыс жасалды. Радиоактивтік сәуле алған жарты миллионнан астам қазақстандықтардың денсаулығы ядролық жанталаса қаруланудың құрбандығына шалынды.

2005 жылы Астанада Түркия Премьер-министрі Режеп Ердоғанның ресми сапары барысында Түрік Республикасы Елшілігінің жаңа ғимараты құрылысының іргетасын қалау рәсімі өтті.

2016 жылы Жапонияның Fuji Television телекомпаниясының «Mystery All the world» (Бүкіл әлемнің құпиясы) бағдарламасы Торғайда қазақстандық геоглифтер туралы түсірілімді бастады. Күншығыс елінде танымал бағдарламаның көрермендер саны 7 миллион адамды құрайды.

2017 жылы Астанада Халықаралық Түркі Академиясының (TWESCO) басшысы Дархан Қыдырәлі мен Моңғолия Ұлттық музейінің директоры Дагваадоржийн Сухбаатар Ғылыми археологиялық қазба жұмыстарын жүргізу туралы келісімге қол қойды.

Екі ұйым арасындағы ынтымақтастық меморандумына негізделген келісім Моңғолияның Хэнтэй аймағынан табылған көне түркі кешеніне археологиялық экспедиция ұйымдастыруға мүмкіндік берді.

2017 жылы гвардиялық гарнизонда «Сағадат саябағы» саябағының салтанатты ашылуы өтті. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагерлерінің бастамасымен армия генералы, Халық Қаһарманы, Кеңес Одағының батыры Сағадат Нұрмағамбетовтің туған күніне орай, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі саябаққа оның бюстін орнатты.

2017 жылы Париждегі Халықаралық эпизоотиялық бюроға қатысушы елдер Ассамблеясының 85-ші жалпы отырысында Қазақстан Республикасы аусылдан азат аймақ деп танылды.
Парсы шығанағы, Иран және Израиль елдері аталған мәртебені негізге ала отырып, Қазақстанның бүкіл аумағына мал шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығаруға рұқсат беру туралы келісімдерін берді.

2018 жылы Астанада «Тоғызқұмалақ» бүкіләлемдік федерациясының президенті Әлихан Байменов «Тоғызқұмалақ» зияткерлік ойынының мобильді қосымшасын ойлап тапқан Ернар Шамбаевты зияткерлік ойынды дамытуға қосқан үлесі үшін марапаттады.

Бағдарламашы Ернар Шамбаев Android және Windows операциялық жүйелеріне арналған қосымшаны әзірледі. Мобильді қосымша зияткерлік ойындардың әуесқойлары арасында танымал қызығушылық тудырып, Чехияда (2013), Францияда (2014), Қырғызстанда (2015) және Қазақстанда (2017) өткен компьютерлік бағдарламалар арасындағы әлем чемпионаттарында 4 рет бірінші орынды иеленді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT