26 қыркүйекте елдің басым бөлігінде күн ашық болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат   - 26 қыркүйекте ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі, тек батыс және орталықта атмосфералық ағындардың  өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбыр жаууы ықтимал, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, жел күшейеді.

Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, күндіз Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-23 м/с жетеді. Қостанай облысының кей жерлерінде тұман болады, желдің күші 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан, түнде және таңертең Қарағанды облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Алматы, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан облыстарында түнде кей жерлерінде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл облыстары, және Алматы облысының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар