26 қыркүйекте астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 26 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.30-да Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесінің штаб-пәтерінде «Адам контрабандасы мен заңсыз көші-қонды алдын алу үшін құжаттарды қолдан жасауға қарсы күрес» семинары өтеді.

10.00-де ZOOM платформасында «Әділет пен құқыққа қызмет етуге 30 жыл» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтеді.

Конференцияға қосылу үшін мына сілтемеге өту қажет. Идентификатор: 823 4338 8433. Код: 040856.

11.00-де ҚР Ішкі істер министрлігінде онлайн-көрсетілім форматында «Полицияға түскен өтініштерді жаңа технологиялардың көмегімен қарау. 102 мобильді қосымша» атты брифинг өтеді.

Спикер: Әділ Корешокұлы Сәрсенов – ҚР ІІМ Ақпараттандыру және байланыс департаментінің бас маманы.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында режиссер Галина Пьянованың «01» драмедиі көрсетіледі.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі қойылады.


Соңғы жаңалықтар