+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

26 қыркүйек. Туған күн иелері

2020 жылғы 26 қыркүйек 08:10
Бөлісіңіз:
26 қыркүйек. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 26 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

115 жыл бұрын (1905-1975) өлкетанушы, Қазақстанның халық ағарту ісінің озаты, Қазақстанның еңбек сіңірген мұғалімі Ғұмар ЗАРИПОВ дүниеге келді.

Қазіргі Батыс Қазақстан облысында (бұрынғы Бөкей ордасы) туған. Алматы педагогикалық училищесін, Орал педагогика институтын бітірген.

Туған ауылындағы мектепте мұғалім болған. Жергілікті, республикалық мерзімді баспасөз беттеріне мақалалар жазып тұрған. Өлкені аралап, ауыз әдебиеті нұсқаларын, Орда туралы тарихи деректерді жинаған.

Оның өлкетанушылық еңбектері негізінде «Кеңес өкіметі үшін күресте» кітабы жарық көрген. 1954 жылы Алматыда өткен республикалық педагогикалық оқуда оның «8-10 кластарда көркем әдебиет шығармаларын талдау» атты баяндамасы 1-дәрежелі сыйлыққа ие болған. Сондай-ақ өлең, көркем әңгіме, әдеби сын жазған.

«Құрмет белгісі», Еңбек Қызыл Ту ордендерімен, медальдармен марапатталған.

112 жыл бұрын (1908-1965) ақын Таир ЖАРОКОВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысының Жәнібек ауданында туған. Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін, Ленинградтың тарих, философия және әдебиет институтының аспирантурасын бітірген.

1932-1942 жылдары жаңадан құрылған Қазақстан Жазушылар одағы ұйымдастыру комитетінің хатшысы, «Қазақ әдебиеті» газеті редакторының орынбасары, халық ақыны Ж.Жабаевтың әдеби хатшысы қызметтерін атқарған. 1946-1965 жылдары Қазақстан Жазушылар одағы мен Қазақтың мемлекеттік көркем әдебиет баспасында (қазіргі «Жазушы» баспасы) жауапты қызметте болған.

Ақынның алғашқы өлеңдер жинағы 1932 жылы «Жұлдыз жарығы» деген атпен басылып шыққан.

Әр жылдарда «Нефстан», «Коммунизм таңында», «Мотор жыры», «Күн тіл қатты», «Мұз тұтқыны», «Тасқын», «Отан дауысы», «Нарын», «Тастағы жазу», «Совет сұңқарлары», «Бақыт жырлары», «Жапанды орман жаңғыртты», «Костер басында», «Қырда туған құрыш», «Жыр қанаты», «Құмдағы дауыл», «Тау жырлайды», «Теңіз баласы», «Тасқынға тосқын» атты кітаптары жарық көрген.

Көркем аударма саласында А.Пушкиннің «Цыгандар», «Кавказ тұтқыны», «Коломнадағы кішкене үй», «Ағайынды қарақшылар», М.Лермонтовтың «Черкестер», Грибоедовтың «Ақылдың азабы», М.Алигердің «Зоя» және басқа туындыларды қазақ тіліне тәржімалаған.

Бірнеше орденмен марапатталған.

63 жыл бұрын (1957) қазақ тромбоншысы, композитор және музыкалық педагог, дирижер, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері Қанат Мұғынұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласының тумасы. Мәскеу мемлекеттік консерваториясының оркестрлік факультетін (тромбон сыныбы бойынша, 1981 жылы) бітіріп, Ресей мемлекеттік үрлемелі аспаптар оркестрі құрамында стажировкадан (1987 – 1988 жылдары) өткен.

1994 жылы Қазақ ұлттық консерваториясының аспирантурасын бітірді. 1982 жылдан осы консерваторияда педагогикалық қызметпен (2000 жылдан профессор) айналысты.

1990 жылдан Қазақ мемлекеттік филармониясына қарасты Үрмелі аспаптар оркестрінің көркемдік жетекшісі әрі бас дирижері болып, оркестрдің көркемдік-шығармалық деңгейін көтеруге елеулі еңбек сіңірді.

Үрлемелі оркестр құрамында гастрольдік сапармен Испания, Франция, Ресей және Тайваньда (1998 жылы), т.б. елдерде болып, халықаралық фестивальдар мен конгрестерде өнер көрсетті.

Халықаралық тромбоншылар ассоциациясы (ІTA) мен ЮНЕСКО-ның қолдауындағы дүниежүзілік үрлемелі аспаптар оркестрі ассоциациясының (WASBE) мүшесі. 1995 жылы «Абылайдың жорығы» және «Азия дауысы» атты компакт-дискілері, ал 1996 жылы үрмелі аспаптар оркестрі бойынша қазақ композиторлары шығармаларын оқу орындарында өтуден жазған еңбегі Австрияда басылып шықты.

62 жыл бұрын (1958-2013) ақын, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі Марфуға БЕКТЕМІРОВА дүниеге келген.

Ақмола облысының Еңбекшілдер ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін сырттай оқып бітірген. Уәлиханов, Зеренді аудандық және облыстық «Көкшетау правдасы» газеттерінде, Қостанай облыстық радиосында тілші және Қостанай облыстық әкімшілігінде қызмет атқарған.

Республикалық «Ана тілі» газетінің Қостанай облысы бойынша меншікті тілшісі болған. Қазір Қазақстан Жазушылар одағы Қостанай облыстық филиалының директоры және балалар мен жасөспірімдерге арналған облыстық «Жас ұлан» газетінің редакторы қызметін атқарады.

Ақынның өлеңдері «Жыр тәңірі», «Тың тынысы», «Көңіл әуендері», «Арман қанатында» және «Қарлығаш» атты ұжымдық жинақтарға енген. Сондай-ақ «Жанары жәудір дүние», «Айдыным менің», «Ғашық жүрек», «Еңлік гүл» атты жеке жыр жинақтары жарық көрген.

Ақын республикалық «Жігер» фестивалі мен Абайдың 150 жылдығына арналған жыр мүшәйрасында жүлдегер атанған.




Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT