26 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 26 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін маңызды оқиғаларға шолу ұсынады.

АСТАНА

9.00-де Қазмедиа орталығында Astana Media Week-2018 аясында «Контент-маркет» көрмесі ашылады.

9.30-да Хилтон Астана қонақ үйінде «Көпжақты сауда жүйесінің келешегіне Еуразиялық көзқарас: ДСҰ-ға кіру және ДСҰ ережелерінің эволюциясы» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді.

10.00-де ЭКСПО Астана аумағындағы Конгресс-орталығында ресейлік компаниялардың іскерлік миссиясы және Russian Fashion brands тұсаукесер көрмесі өз жұмысын бастайды.

10.00-де ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитетінің төрағасы, Бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жандарбек Бекшин тұмау және ЖРВИ-дің эпидемиялық маусымына өңірлердің дайындығы туралы селекторлық жиналыс өткізеді.

10.30-да Астанадағы Көрме орталығында «Kazakhstan security systems - 2018» қауіпсіздік пен азаматтық қорғаныстың 4-халықаралық көрмесі және конференциясы басталады.

14.30-да «Астана-Энергия» АҚ 2017 және 2018 жылғы инвестициялық міндеттемелерді орындау» тақырыбында баспасөз турын өтеді.

15.00-де Мәжілістің жалпы отырысы басталады.

15.00-де «Цеснабанк» АҚ бас кеңсесінде «Цеснабанк» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі Қайрат Сатылғановтың, «Цеснабанк» АҚ Басқарма төрағасы Ульф Вокурканың қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасының және «Астана LRT» ЖШС-ның өкілдерінің қатысуымен «Астана қаласындағы жол-көлік инфрақұрылымының дамуы» тақырыбында брифинг өтеді.

16.00-де Ақордада Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Г.Н. Әбдіқалықованың қатысуымен ҚР Президенті жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы басталады.

16.30-да «Қазақстан» ОҚЗ-да «Positive» қысқаметражды фильмдер фестивалі туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-да «Атакент» көрме орталығында «KIOGE-2018 мұнай және газ» көрмесі мен конференциясы ашылады және экспоненттерге VIP-тур ұйымдастырылады.

10.00-де Алматы қалалық сотының ғимаратында «Түнгі сот», «Сот алдында және сотта мәмілеге келу», «Сот көмекшісі» пилоттық жобаларын жүзеге асыруға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

10.00-де «Арман» кинотеатрында «Ермек Серкебаев және оның дәуірі» атты мультимедиалық көрме ашылады.

11.00-де Абай атындағы опера және балет театры 85-театр маусымының ашылуына арналған баспасөз мәслихатына шақырады.

14.00-де «Бөбек» сауықтыру орталығында «Бала дауысы» Ұлттық балалар байқауының жаңа маусымының «Жұлдыздар үйі» ашылады.

15.00-де Тұран университетінде Бас ботаникалық саябақты қайта құру жобасы бойынша қоғамдық тыңдау өтеді.

ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ

16:00-де Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің студенттер сарайында Қызылорда облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауы бойынша «Рухани жаңғыру» орталығы мен «Сыр елі және ХХ ғасыр» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «Жастар жырлайды» атауымен жас жыраулардың облыстық байқауы өтеді.

18:00-де А.Тоқмағанбетов атындағы мәдениет үйінде Қызылорда қаласы мен күй атасы - Құрманғазының 200 жылдығына арналған Қазақстан композиторлар одағының мүшесі, дирижер Еркін Нұрымбетовтің «Туған жерге тағзым» атауымен қайырымдылық концерті өтеді.

Соңғы жаңалықтар