+7 (701) 759 90 19
USD 424.49 EUR 504.51
RUB 5.59 CNY 64.57
Jańalyqtar

26 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 26 қазан 07:00
Бөлісіңіз:
26 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат өз оқырмандарына 2020 жылғы 26 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1964 жылы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитеті мен Республика Министрлер Кеңесі Целиноград (қазіргі Астана) медициналық институтын құру туралы шешім қабылдады. 1997 жылы ол академияға айналды. 2009 жылдың 6 қаңтарында Қазақ медицина академиясы «Астана медициналық университеті» АҚ болып қайта құрылып, «Ұлттық медициналық холдингі» АҚ құрамына кірді.

1999 жылы Президент Н.Назарбаев Мәскеудегі Кремльдің Георгий залында өткен Кеден одағына қатысушы мемлекеттердің Мемлекетаралық кеңесінің отырысына қатысты. Ресей астанасында Кеден одағы және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы келісімге қатысушы мемлекет басшыларының Мәскеу декларациясына қол қойылды.

2010 жылы Мемлекет басшысының Бельгия Корольдігіне жасаған ресми сапары аясында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы және ұсынысы бойынша тараптар Қазақстан мен Бельгия арасындағы Іскерлік кеңес құру туралы шешім қабылдады.

2010 жылы Шымкентте Оңтүстік Қазақстан облысының атақты спортшыларының Аллеясы ашылды. Облыстың әйгілі 28 спортшының есімі жазылған гранит тақталар қаладағы Қажымұқан атындағы орталық стадион алдындағы алаңға орнатылған. Гранит тақталарда боксшы Бекзат Саттарханов, гимнастшылар Нелли Ким мен Әлия Юсупова, палуан Бисолт Дециевтің есімдері жазылған.

2011 жылы Куала-Лумпурда қазіргі Қазақстан суретшілерінің көрмесі өтті. Оны Қазақстан Республикасының Малайзиядағы елшілігі ұйымдастырды. Алматының «Өнер» арт-салоны ұсынған 100 шақты суретте қазақ халқының тарихы, дәстүрлері, ұлттық құндылықтары, дала рухы көрініс тапқан.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Мəдениет жəне спорт министрлігі Италияның мұрағатынан Дешті Қыпшақ кезеңінде жазылған «Кодекс куманикус», яғни, қыпшақ тілі сөздігінің электронды нұсқасын елімізге əкелді.

2015 жылы Варшавада кәсіби футбол лигалары Еуропалық қауымдастығының Бас ассамблеясы өтті. Оның қорытындысы бойынша, ұйымның құрамына Қазақстанның кәсіби футбол лигасын қабылдау шешімі қабылданды.

2017 жылы қазақ тілі алфавитінің кириллицадан латын графикасына көшуін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қазақ тілі алфавитін латын графикасына көшіру бойынша Ұлттық комиссия құруды, 2025 жылға дейін қазақ тілі алфавитінің латын графикасына кезең-кезеңмен көшуін қамтамасыз ету туралы қаулы қабылдады.

2017 жылы режиссер Сәбит Құрманбековтің «Оралман» көркем фильмі Италияда өткен ХХ Халықаралық «Religion Today» («Бүгінгі дін») кинофестивалінде «Үздік фильм» жүлдесімен марапатталды. Сонымен қатар, аталған туынды SIGNIS тәуелсіз қазылар алқасының арнайы жүлдесіне қол жеткізді (Коммуникация жөніндегі әлем католиктері қауымдастығының жүлдесі).

2018 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданында «Тарбағатай» Ұлттық паркі ашылды. Ондағы мақсат - биологиялық және ландшафттық әралуандылықты сақтап қалу, арнайы экологиялық, ғылыми, тарихи-мәдени және рекреациялық құндылығы бар табиғат қорғау мақсаттары үшін мемлекеттік табиғи резервтік қордың бірегей табиғи кешендерін және объектілерін пайдалану. Ұлттық парктің ауданы 143550,5 га, қорғау аймағы - 204 602 гектар. Парктің ерекшелігі, онда өсімдіктердің өзге аумақта кездеспейтін «Қызыл кітапқа» енген 35-тен астам түрі бар. Онда, бүгінгі күнге дейін, флораның 1640 түрі анықталған. Ұлттық парктің омыртқалы жануарлар фаунасы да бай. Алдын ала алынған деректер бойынша, олар 376 түрді қамтиды.

2019 жылы Швейцарияның Трамелан қаласында ауыр атлетикадан өткен 49th ‘Challenge 210’ халықаралық жарысында қазақстандық Раушан Мешітханова 81 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде жеңімпаз атанды. Спортшы 205 келі (95+110) көрсетіп, жарыстың алтын жүлдесін қанжығасына байлады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT