26 қарашада болатын маңызды шаралар аңдатпасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 26 қарашада болатын маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.
НҰР-СҰЛТАН
10.00-де Сенаттың кезекті отырысы болады.
10.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде IX Азаматтық форумды өткізу туралы баспасөз конференциясы өтеді. Спикерлер: ҚР Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Болат Тілепов, «Қазақстанның Азаматтық Альянсы» ЗТБ президенті Бану Нұрғазиева.
11.00-де «Қазақстандағы мүмкіндігі шектеулі балалар: проблемалар және ерекше қажеттіліктер» тақырыбында онлайн-конференция өтеді. Ұйымдастырушы: «Қазақстан және Орта Азия отбасы институты» білім беру мекемесі.
11.00-де Достық үйінде онлайн форматта Қазақстан халқы Ассамблеясы республикалық Медиация кеңесінің отырысы өтеді.
11.00-де Халықаралық Түркі академиясы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ҚР Тұңғыш Президенті күніне орай «Түркі әлемі және Елбасы феномені» атты халықаралық шара өткізеді.
11.00-де Tulip Hilton Garden Inn Astana конференц-залында «Парламент сайлауы: ерекшеліктері мен маңызы» атты сарапшылар кеңесі өтеді.
12.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Павлодар облысының дамуына қатысты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов.
16.30-да Орталық коммуникациялар қызметінде Мемлекет басшысының Жолдауы аясында Қостанай облысының дамуына қатысты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: облыс әкімі Архимед Мұхамбетов.
АЛМАТЫ
16.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясының залында (Алматы қ.) «Қазақстан мұғалімі-2020» Ұлттық сыйлығының лауреаттарының қатысуымен марапаттау рәсімі өтеді. Формат бір стационарда және барлық санитарлық-эпидемиологиялық стандарттарға сәйкес https://www.teacherprize.kz веб-сайтында және Youtube каналында өтеді.
- Коронавирус пневмониясынан тағы екі адам қайтыс болды
- Қарағандыда алимент төлеуден жалтарған азаматтың автокөлігі тәркіленді
- Атырауда медициналық маска 15 теңгеден сатылады
- Медсақтандыру қаражаты есебінен вакцина қабылдауға бола ма – Төраға жауабы
-
Азаматтар 42500 теңге алған айда медсақтандыру қорына жарна төлеуге міндетті емес – ӘМСҚ
-
21 қаңтар күні астанада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам