+7 (701) 759 90 19
USD 419.54 EUR 509.2
RUB 5.72 CNY 64.81
Jańalyqtar

26 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 26 қараша 07:00
Бөлісіңіз:
26 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 26 қарашаға арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
18 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі 17 қаңтар. ҚазАқпарат күнтізбесі 14 қаңтар. Туған күн иелері

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік ақпарат күні

Қызметі ақпараттық технологиялар мен компьютерге негізделген кәсіп иелерінің мерекесі. 1988 жылы негізі қаланған Халықаралық ақпараттандыру академиясының (ХАА) бастамасымен атап өтіледі. ХАА - БҰҰ Экономикалық және Әлеуметтік кеңесінде Бас консультативтік мәртебесі бар әлемдегі жалғыз академия. Әлемнің 140-тан астам елінде тіркелген, бірнеше ірі қалаларда штаб-пәтері орналасқан. Ақпараттық қызмет саласына байланысты іргелі және қолданбалы зерттеулер жасаумен айналысады.

Халықаралық етікшілер күні

Дизайнмен, аяқ киім дайындаумен, тігумен айналысатын шеберлер мен қолөнершілердің, сондай-ақ осы өндірісте жұмыс істейтін, аяқ киім жөндейтін мамандардың кәсіби мерекесі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1993 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының Төле би ауданында Төле бидің ескерткіші ашылды.

1997 жылы Алматыдағы көшелердің біріне мемлекет қайраткері, филология ғылымдарының докторы, профессор, аудармашы, ғалым Мүсілім Базарбаевтың есімі берілді. Оның ғылыми еңбектері қазақ әдебиетінің көркемдік ерекшеліктеріне, әдебиеттану мәселелеріне арналған. Шәкәрім Құдайбердіұлының шығармашылығын зерттеген. Иван Тургеневтің туындыларын қазақ тіліне аударған. Екі рет Еңбек Қызыл Ту және «Парасат» ордендерімен марапатталған.

2005 жылы «Ұлытау» тобының «Жұмыр, Қылыш» деп аталатын алғашқы жеке альбомының тұсаукесері өтті. Махамбеттің «Жұмыр, Қылыш» күйінің атымен аталған жаңа дискіге «Ұлытау» тобының орындауындағы 10 композициялық шығарма топтастырылған. Үнтаспа Мәскеудегі Владимир Осинскийдің студиясында жазылып, АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы «Paramaunt Records» студиясында өңдеуден өткен.

2013 жылы ҚР Президентінің Жарлығымен Мәдениет және өнер қызметкерлері күні және Еңбек күні белгіленді. «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» 2001 жылғы 13 желтоқсандағы ҚР Заңының 4-бабына сәйкес Мәдениет және өнер қызметкерлеері күні 21 мамырда, Еңбек күні - қыркүйектің соңғы жексенбісінде аталып өтіледі.

2017 жылы 21 жастағы Жалғас Тайкенов Азия параканоэ чемпионатында Қазақстан тарихында алғаш рет топ жарды. Азияның он елінен 75 спортшы қатысқан турнирдің 200 метрге жарысының KL-3 квалификациясында жүйрік атанған отандасымыз финалда Иран өкілін артқа тастап, чемпион болды.

2018 жылы «Мерейтойлық және атаулы күндер» сериясымен «Қазақстан Республикасының БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне мүшелігі» пошталық маркасы айналымға шықты. Пошталық марка төрт бояудан тұратын офсеттік баспа ретінде шығарылған. Таралымы - 20 000 дана. Бағасы 250 теңгені құрады. 2017 жылдың қаңтарында Қазақстан 2017-2018 жылдарға Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты емес мүшесі болып сайланды.

2019 жылы Семей қаласының тұрғыны Болат Қабжанов Испанияның Торревьеха қаласында алғаш рет өткен мүмкіндігі шектеулі жандар арасындағы шахматтан халықаралық турнирде бірінші орынды жеңіп алды.

Халықаралық турнирге әлемнің 8 елінен 20-дан астам спортшы қатысты. Чемпионат Швейцария жүйесі бойынша екі түр бойынша өтті. Олардың екеуінде де қазақстандық бірінші орын алды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT