26 қаңтарда Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН.ҚазАқпарат -  «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі 26 қаңтарда елімізде өтетін маңызды шаралардың тізімін   ұсынады.

АСТАНА

9.00-да Жоғарғы Сотта сот төрелігінің 2017 жылғы қорытындысы бойынша кеңейтілген кеңес отырысы өтеді.

11.00-да Астана қалалық қоғам денсаулығын қорғау департаментінде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің қорытындысы бойынша брифинг өтеді.

11.20-да Үкімет үйінде Энергетика вице-министрі Ғани Сәдібековтың, «Тау кен өндірісі және тау-металлургиялық кәсіпорындардың Республикалық қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің атқарушы директоры Николай Радостовецтің, «Электроэнергетика және энергосақтауды дамыту инсититуты» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Олжас Әлібековтің қатысуымен баспасөз конференциясы өтеді.

12.20-да Орталық коммуникациялар қызметінде О. Жәутіков атындағы математикадан, физика және информатикадан XIV халықаралық олимпиадасны өткізу туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-да «Intercontinental Almaty» қонақ үйінде «R4Partners» халықаралық бизнес форум өтеді. Бұл форум қалдықтарды қайта өңдеу саласына шетелдік инвесторларды тартуға бағытталады.

11.00-да «Сорбонна-Қазақстан» институтында ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы қоры атқарушы директорының орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Игорь Рогов «Конституциялық құндылықтардың жүзеге асуы» тақырыбында лекция оқиды.

Соңғы жаңалықтар