26 қаңтарда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 26 қаңтар күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады. Жалпы отырыс www.parlam.kz сайтында тікелей көрсетіледі.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Хабар» агенттігі әзірлеген қаңтар оқиғасы туралы «Трагический январь. Как это было» деректі фильмінің көрсетілімі өтеді.

16.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Құрылыс басқармасы елорданың салынып жатқан әлеуметтік нысандары (білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, мемлекеттік тұрғын үй объектілері) бойынша есеп береді. Жиын сілтемесі: www.facebook.com/maslihat.astana.kz.


Соңғы жаңалықтар