+7 (701) 759 90 19
USD 411.66 EUR 465.92
RUB 5.81 CNY 58.79
Jańalyqtar

26 ақпан күні өтетін маңызды шараларға шолу

2020 жылғы 25 ақпан 21:12
Бөлісіңіз:
26 ақпан күні өтетін маңызды шараларға шолу

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» ХАА 26 ақпан күні өтетін маңызды шараларға шолуды оқырман назарына ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың апталық жұмысына бейнешолу

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

11.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде коронавирустық инфекция бойынша ағымдағы жағдайға арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де Нұр-Сұлтан қалалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің «ANTIKOR» орталығында «Астана – адалдық алаңы» жобасының жетекшісі Мирас Шекенов баспасөз мәслихатын өткізеді.

11.00-де ҚазАТУ техникалық факультетінде «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы мен С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті арасында меморандумға қол қойылады.

12.20-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Қазақстанның сот төрелігі: қазіргі ахуалы, үрдістері, келешегі» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де «Nur Otan» партиясының орталық аппаратында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Жұлдыз Омарбекованың төрағалығымен жастарды қолдау бағыты бойынша комиссия отырысы өтеді.

15.00-де «Еуразиялық мониторинг» сараптамалық талдаулар орталығында Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастары туралы талдамалы баяндама таныстырылады.

15.00-де Rixos President Astana қонақ үйінде ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің Бас Ассамблеясы өтеді.

16.00-де ҚР Әділет министрі Марат Бекетаевтың төрағалығымен және мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес сектордың және бизнес-қоғамдастықтың қатысуымен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы өтеді.

16.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Халықаралық Франкофония Ұйымының 50 жылдық мерейтойы мен #FrankofonıNaýryzy2020 мәдени іс-шаралар маусымына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

19.30-да «Қазақстан» ОКЗ-да «Солистер академиясы» мемлекеттік оркестрі Симфониялық музыка концертін ұсынады.

АЛМАТЫ

10.00-де «Сұңқар» халықаралық шаңғы трамплиндері кешенінің баспасөз орталығында параллель могулдар мен шаңғы акробатикасынан алдағы фристайл бойынша Әлем кубогы кезеңдеріне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

12.00-де Қазақстан баспасөз клубында Қазақстан Тұтынушылар лигасы электр энергиясын пайдаланудың жаңа ережелерін түсіндіру бойынша баспасөз мәслихатын өткізеді.

14.00-де Қазақстан Баспасөз клубында Алматының Наурызбай ауданындағы көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» әлеуметтік орталығының бағдарламасы таныстырылады.

14.30-да Азаматтық орталықтың мәжіліс залында Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің №1 комиссиясының кеңейтілген отырысы өтеді.

18.00-де ҚР Ұлттық кітапханасында Олег Беляловтың «Баянауыл» деректі фильмі таныстырылады.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT