26 ақпан күнгі ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 26 ақпан күні Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады. Кей жерлерде жауын-шашын жауады, тек республиканың оңтүстік-шығысында жауын-шашынсыз күн райы күтіледі. Жекелеген өңірлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, екпінді жел болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК-ның ақпаратына сәйкес, Ақмола облысының кей жерлерінде бұрқасын, күндіз көктайғақ күтіледі, жел 18 м/с күшейеді.

Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, тұман болжанады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан облысында көктайғақ болуы ықтимал.

Қызылорда, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді. Қызылорда облысында көктайғақ болады.

Түнде Ақтөбе, Алматы облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде тұман, 15-20 м/с екпінде жел болжанады.

Шығыс Қазақстан, Қарағанды ​​облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді. Қарағанды облысында жаяу бұрқасын жүреді. Шығыс Қазақстан облысында сондай-ақ тұман болжанады.

Павлодар облысының кей жерлерінде бұрқасын күтіледі, күндіз жел 18 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, күндіз жаяу бұрқасын болжанады.

Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде тұман, көктайғақ күтіледі.

Соңғы жаңалықтар