+7 (701) 759 90 19
USD 430.39 EUR 515.52
RUB 5.68 CNY 66.03
Jańalyqtar

26 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2021 жылғы 26 ақпан 07:00
Бөлісіңіз:
26 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2021 жылғы 26 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1926 жылы Баку қаласында Бүкілодақтық түркология съезі өтті. Оған түркі халықтарының өкілдері, КСРО Ғылым академиясының, Шығыстану ғылыми қауымдастығының, Украина академиясының, Закавказье шығыстану қауымдастығының мамандары, шетелдік делегаттар, соның ішінде Түркия және Германиядан келген ғалымдар қатысты. Съезде Әзербайжанның латын графикасына көшу тәжірибесінің негізінде Одақтың басқа республикалары мен облыстарында тұратын халықтардың әліпбиін латын жазуына көшіру ұсынылды. Ол үшін жаңа түркі әліпбиінің Бүколдақтық орталық комитеті құрылатын болды. Осылайша, араб жазуын қолданып келген түркі халықтарының жазуын латын графикасына көшіру қозғалысы басталды.

1993 жылы ел шекарасының бүтіндігін нақтылайтын «Қазақстан Республикасының мемлекеттің шекарасы туралы» Заң күшіне енді.

1999 жылы Қазақстан, Беларусь, Қырғызстан, Тәжікстан және Ресей Кедендік одақ және Бірыңғай экономикалық кеңістік туралы келісімге қол қойды.

2005 жылы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласында Шоқан Уәлиханов пен Федор Достоевскийге арналған ескерткіш тақта ашылды. Барельефті Қазақстанның еңбек сіңірген сәулетшісі Азат Боярлин жасады. Барельеф Астанада «Өнер» ЖШС-де жасалды. Биіктігі - 1,5 метр, ал ені - 2,5 метр. Барельефтің мүсіндік бөлігі салмағы 500 келі қоладан, ал мәтіндік бөлігі салмағы 400 келі граниттен жасалған.

2011 жылы ҚР Ұлттық банкі «Ұлы көшбасшылар» сериясымен 100 теңгелік «Тұмар» күміс монеталары мен «Жойылып бара жатқан жануарлар» сериясымен 100 теңгелік гауһар тастары бар «Қарақал» монеталарын шығарды.

2014 жылы Нью-Йоркте БҰҰ жанындағы Қазақстан мен Кирибатидің тұрақты өкілдері Қайрат Әбдірахманов пен Макурита Бааро екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастар орнату туралы бірлескен коммюникеге қол қойды. Кирибати Республикасы – Микронезия мен Полинезияда орналасқан тынықмұхиттық мемлекет. Республика құрамына 33 шағын атолла кіреді, олардың 20-ы елсіз жерлер. Жалпы ауданы – 812, 34 км2.

2014 жылы Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті әлемдегі үздік 50 ЖОО қатарына енді. Жалпы «QS Top 50 under 50» рейтингінің тізімінде Гонконг, Сингапур, Оңтүстік Корея, Малайзия, АҚШ, Испания және т.б елдердің ЖОО-лары бар.

2015 жылы Қазақстан Республикасы Конституциясының үстемдігін сақтауға, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауға үлес қосқан ҚР және шетел азаматтарын ынталандыру мақсатында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығын тойлау аясында «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалі бекітілді.

2017 жылы Жапонияның Саппоро қаласында VІІІ қысқы Азия орындары аяқталды. Қазақстан құрамасы 32 медальмен (9 алтын, 11 күміс, 12 қола) жалпы есепте төртінші орын алды.

2018 жылы «Шығыс Қазақстанның аңыз-әңгімелері» кітабы шықты. Кітап - облыстың 15 киелі мекені туралы ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып отырған аңыз-әңгімелердің антологиясы. Оның авторлары: Әлібек Қаңтарбаев, Марина Юрченко, Күлімай Сембаева.

2019 жылы Қазақстан ұйымдастырған БҰҰ-ның қарулы қақтығыстарға қатыстырылған балаларды қайта интеграциялау жөніндегі достары тобының бірінші отырысы өтті. Қазақстан, Мальта және Франция бірлесіп басқаратын Балаларды реинтеграциялау жөніндегі БҰҰ достары тобы 2018 жылдың қыркүйегінде БҰҰ-да құрылған Реинтеграция бойынша жаһандық коалицияның құрамдас бөлігі болып табылады.

Коалицияның түпкі мақсаты - қарулы қақтығыстардан зардап шеккен балаларды, оның ішінде терористік ұйымдармен жалданған бұрынғы әскер балаларды, әдеттегі өмірге қайтарудың жаңа, тиімді әдістерін әзірлеу.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT