26-28 қаңтар аралығында Қазақстанда қар жауып, күн жылынады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26-28 қаңтар аралығына арналған ауа райы болжамы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, алдағы үш күнде қар жауып, ауа температурасы көтеріледі.

Қазақстанның солтүстік жартысы жылы атмосфералық фронттың жолына түседі.

Ол аспанды тығыз бұлттармен жауып, қар жауғызады. Аяздың бетін қайтарады.

Республика бойынша кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Солтүстікте бұрқасын соғады.


Соңғы жаңалықтар