257,6 мың қазақстандық жасөспірім коронавирусқа қарсы толық егілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда коронавирусқа қарсы «Pfizer» вакцинасымен 316,2 мың адам толық егілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия мәліметіне сілтеме жасап, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Pfizer» препаратымен елімізде жасөспірімдер, жүкті әйелдер және бала емізетін аналар егіліп жатқанын еске салайық.

26 қаңтардағы мәліметке сәйкес, вакцинаның I дозасын 582 190 адам, ІІ дозасын 316 281 адам салдырды. Оның ішінде,

І компонентімен егілді:

- жасөспірімдер – 476 669;

- жүкті әйелдер – 24 646;

- бала емізетін әйелдер – 75 931.

ІІ компонентімен егілді:

- жасөспірімдер – 257 635;

- жүкті әйелдер – 15 287;

- бала емізетін әйелдер – 43 348.

Айта кетейік, пандемия басталғалы елімізде коронавирус инфекциясы 1 192 211 адамнан анықталды. Оның ішінде 1 021 215 науқас сауығып шықты.


Соңғы жаңалықтар