2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады
2022 жылғы 1 шілде 19:24

2500-ден астам домбырашы қазақтың танымал күйлерін бір мезетте орындады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 2500-ден астам домбырашы бір мезетте қазақтың танымал күйлерін орындады. Бұл туралы ҚазАқпарат «AMANAT» партиясына сілтеме жасап хабарлайды.

Ұлттық домбыра күні қарсаңында Жастар қанаты республикалық «Dombyra party» акциясын ұйымдастырды. Бүгінде еліміз бойынша 2500-ден астам домбырашы қазақ күйлерін орындады. Акцияға «Алтын домбыра» өнер орталығының 200-ден астам оқушысы елорда төрінде қосылды.

Бас қалада өткен акцияда «Алтын домбыра» өнер орталығының шәкірттері «Ерке сылқым», «Адай», «Балбырауын», «Әке толғауы» сияқты шығармаларды орындады.

Сондай-ақ өнер орталығының жетекшісі Ибрагим Ескендір жас домбырашылармен бірге «Көк тудың желбірегені» композицисын акапелла түрінде айтты. Шара барысында ұйымдастырушылар «Қасиетті домбыра» атты ауқымды байқау бастау алатынын айтты.

Байқау 10-15 жас аралығындағы жасөспірімдер мен 16-35 жас аралығындағы жастар арасында өтеді. Ол өтінімдерді қабылдау, офлайн тыңдау және финал болып үш кезеңнен тұрады. Өтінімдер 31 шілдеге дейін қабылданады. Байқау туралы толық ақпаратты партияжастар ұйымының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларынан таба аласыздар.


Фото: amanatpartiasy.kz

Jańalyqtar

Үрдіс

MURAǴAT