250 мың алматылық қала көшелерін тазалауға шығады

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматылықтар осы сенбіде жаппай қала көшелерін тазалауға шығады. Бұл туралы қалалық əкімдіктің баспасөз қызметі хабарлады.

Онда көпшілік орындар, арық желілері, өзен жағалаулары мен аула іштері, түрлі аумақтар мен өңірлер тазартылатын болады.

Сенбілікке қоғамдық және жастар ұйымдарының, заңды тұлғалардың, ПИК-тер мен ПКСД-лардың, жоғары сынып оқушылары мен орта және жоғары оқу орындарының студенттері қатысады.

Əкімдік мамандарының есептеуінше, биыл қаланы тазалауға 250 мың адам шығады.

Сенбілікке қатысушылардың барлығы қажетті құралдармен, қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етіледі. Жиналған қоқысты сыртқа шығарумен 800 арнайы техника бірлігі айналысады.

Жалпы абаттандыру маусымында қала ішінде 20 мыңға жуық ағаш отырғызылады.

Қаланың сыртқы келбетін әрлендіру ісі де назардан тыс қалмайды. Түрлі қоршаулар, турникеттер, тіректер, орындықтар, урналар, жарнама щиттері сырланады.

Алматы қаласы әкімдігі аппараты мен қала басқармаларының қызметкерлері Баум бағында тазарту жұмыстарын жүргізіп, 50 түп ағаш отырғызады, қоршауларды, орындықтар мен урналарды сырлайды.

Соңғы жаңалықтар