25 желтоқсанда ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған жүгіру жарысы өтеді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 25 желтоқсан күні Астананың Триатлон саябағында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және салауатты өмір салтын қолдауға бағытталған жүгіру өтеді.

Негізгі қашықтық 2500 метрді, ал кәсібилер үшін 5000 - 10 000 метрді құрайды. Жүгіруге қазіргі марафоншылар мен Қазақстанның жеңіл атлеттері қатысады. Шараны Астана әкімдігінің қолдауымен «Қазақстан құрылысшылар одағы» республикалық заңды тұлғалар бірлестігі және«Астана Желаяғы» астаналық марафоншылар клубы қоғамдық бірлестігі ұйымдастыруда. 

Соңғы жаңалықтар