25 тамызда Қазақстанда ауа райы қандай болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Еліміздің солтүстігі, орталығы мен шығысына циклон және сонымен байланысты атмосфералық бұлттар әсер етіп, салдарынан жауын-шашын болады. Күн күркіреп, күшті жел соғады, солтүстікте бұршақ жаууы мүмкін. Қазақстанның батысында, оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында күн ашық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Демалыс күндері Астанада дауыл тұрады.

Солтүстік Қазақстан облысының аумағында тұман түсіп, желдің қарқыны 15-20 м/с дейін күшейеді. Күндіз секундына 25 метрге жетуі мүмкін. Бұршақ күтіледі.

Қызылорда облысының кей жерлерінде жел күшейіп, 15-20 м/с құрайды. Күндіз секундына 23 метр жылдамдықпен шаңды дауыл тұрады.

Қарағанды облысының кей аймақтарында жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с болады. Бұршақ жауып, тұман түсуі мүмкін.

Жамбыл облысында жылдамдығы 15-20 м/с болатын қатты жел соғып, шаңды дауыл тұрады.

Ақмола облысының кей жерлерінде жел күшейіп, екпіні 15-20 м/с болады. Бұршақ жаууы ықтимал.

Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарында қатты жел тұрады. Желдің қарқыны секундына 15-20 метрге жетеді.

Алматы облысында күндіз шаңды дауыл күтіледі.

Қызылорда, Жамбыл, Түркістан, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Маңғыстау және Қарағанды облыстарында төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар