+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.70 EUR 427.15
RUB 6.06 CNY 54.57
Jańalyqtar

25 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 25 тамыз 07:00
Бөлісіңіз:
25 тамыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 25 тамызға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Қазақстанда шахтерлар күні

Әр жылы тамыздың соңғы жексенбісінде осы кәсіби мереке атап өтіледі. Бұл күн ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев қол қойған «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер туралы» ҚР Президентінің 2013 жылғы 15 қарашадағы №1226 Жарлығының қосымшасына енген. Шахтерлар күнін Ресей, Қырғызстан, Украина, Беларусь елдері де атап өтеді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1994 жылы Алматыда «Неміс үйі» ашылды.

2009 жылы Астанадағы Успен кафедралды соборының басына күмбез орнатылды. Успен0 – Орталық Азиядағы ең ірі әрі соңғы жиырма жылда салынған бірден-бір собор. Оған 4 мың адам сыяды, ауданы 900 шаршы метр, күмбезінің ең биік жоғары жерден 68 метр биікте.

2010 жылы Кеден одағының комиссиясы КО сертификаттау органдары және сынақ зертханаларының бірыңғай тізілімін бекітті.

2010 жылы Қазақстанда жоғалған және табылған құжаттардың, бұйымдардың, жануарлардың, сондай-ақ із-түзсіз кеткен адамдардың бірегей деректер базасы құрылды. Жобаға «ПАНиКа» ЖШС бастамасыш болды.

2010 жылы Павлодардағы Христо-Рождественск храмының фундаментін жөндеп жатқан жұмысшылар күміс және мельхиордан жасалған 50 асхана бұйымын тауып алды. Пышақтардың сабындағы латын жазуына қарағанда, оларды өткен ғасырдың басында шетелдік шеберлер жасаған болуы мүмкін.

2011 жылы Алматыда СССР және ҚазССР халық әртісі, Халық қаһарманы Роза Бағланова тұрған үйге әншіге арналған ескерткіш тақта орнатылды.

2011 жылы Ральф Дюймовицтің басшылығымен халықаралық команда құрамында белгілі қазақстандық альпинистер Мақсұт Жұмаев пен Василий Пивцов Джомолунгмадан кейінгі екінші шың (8611 метр) - әлемдегі ең күрделі тау шыңдарының бірі Чогориді (К2) еңсерді.

2016 жылы Қазақстанның Ұлттық музейінде «Ұлы Дала тарихы» көрмесі ашылды. Оған Мәңгілік Елдің негізін қалап, бұғанасын бекіткен тарихи тұлғалардың, данышпан билеушілер мен батырлардың портреттері қойылды.

Көрмені ұйымдастырудағы басты мақсат – жастардың отансүйгіштік сезімін ояту, Ұлы Дала тұлғаларының тарихи бейінесін қайта жаңғырту.

2016 жылы Астана қаласы әкімдігі мен тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырған бұқаралық ақпарат құралдары арасындағы «Тіл тұғыры-2016» байқауының нәтижесі бойынша, «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі қазақ тіліндегі, сондай-ақ, басқа елдерде жаңалық тарату мақсатында латын және арабша төте жазу әліпбиінде материалдар жариялағаны үшін «Мемлекеттік тіл қолданысын кеңейтуге үлес қосқан БАҚ» аталымы бойынша үздік деп танылды.

2017 жылы «Еуразия аптасы» халықаралық экономикалық форумы аясында «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі Еуразиялық экономикалық комиссиясының марапатына ие болды. Форумға қатысу үшін Астанаға әлемнің 42 елінен мемлекеттік билік органдарының, іскерлік топтар мен бизнес қоғамдастықтың өкілдері келді. Жалпы шараға екі мыңнан астам адам жиналды.

2017 жылы Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі Венгрияның аса жоғары марапаттарының бірі – «Қызметі үшін» орденімен наградталды. Ол премьер-министрдің ұсынысымен, белгілі түрколог ғалым Иштван Қоңыр Мандокидің еңбектерін сақтау және ғылыми, мәдени ынтымақтастықты нығайтуға қосқан үлесі үшін марапатталды.

2017 жылы Татарстан Республикасының президенті Рустам Минниханов Алматы облысындағы татар этномәдени орталығының өкілдерімен кездесуде облыс әкімі Амандық Баталовқа Әріп Тәңірбергеновтің «Біржан сал мен ақын Сараның айтысы» атты қолжазбасының баспа және электронды көшірмесін табыстады.

2017 жылы Қазақстанның ағзасына трансплантация жасатқан науқастардың «Өмір тынысы» қоғамдық бірлестігі Дүниежүзілік трансплантациядан кейінгі спорт федерациясының (World Transplant Games Federation) мүшесі болды. Бұл қазақстандық реципиенттердің аталған ұйым аясында әлемдік деңгейде өтетін додаларға қатысуына мүмкіндік береді.

2017 жылы Ақтаудағы Нұрмұхан Жантөрин атындағы музыкалық-драма театрында Каспий жағалауы елдерінің I халықаралық театр фестивалі салтанатты түрде ашылды. Фестивальдің мақсаты - Каспий жағалауы елдерінің театр өнері саласындағы ынтымақтастығын күшейту мен мәдени және рухани байланыстардың одан әрі нығаюына үлес қосу; театр өнерін дамыту және театрлардың шығармашылық бастамаларын ынталандыру; бірлескен шығармашылық жобаларға және кәсіби қарым - қатынасқа жағдай жасау; жұртшылық назарын қазіргі заманғы жаңа театрлық үдеріске аудару.

Фестивальға Каспий жағаласында отырған Ресей, Әзербайжан, Иран және Қазақстанның кәсіби драма және музыкалық-драма театрлары қатысты.

2017 жылы қазақстандық жеңіл атлет Ольга Рыпакова Швейцарияның Цюрих қаласында өткен «Гауһар лига» кезеңінде сәтті өнер көрсетті. Олимпиада чемпионы үш қарғып секіруден 14 м 55 см нәтижемен бірінші орынды иеленді.

2018 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Көкшетаудың іргесіндегі Бірлік кентіндегі көшеге Қанжығалы Бөгенбай батырдың немересі Бапан бидің есімі берілді. Бапан би 1755 жылы Ерейментауда туып, 1849 жылы дүние салған. Бейіті Қоржынкөлдің жағасында. Бапан би - қазақтың атақты биі, соңында өлмес өнелгелі сөздері мен жақсы істері қалған тарихи тұлға.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT