25 шілде: Туған күн иелері

None
None
  АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 25 шілде күні тұлғалардан кім дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

25 шілде, СӘРСЕНБІ

ЕСІМДЕР

93 жыл бұрын (1925-1993) қазақтың суретшісі, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері КЕНБАЕВ Молдахмет Сыздықұлы дүниеге келді.

Қызылорда қаласында туған. В.Гоголь атындағы Алматы көркемсурет училищесін, В.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген.

В.И.Ленин атындағы Қазақ мемлекеттік политехникалық институтының (Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университет) сәулет-құрылыс факультетінің, Алматы сәулет-құрылыс институтының профессоры қызметтерін атқарған.

«Асауды ұстау», «Әңгіме», «Қойшының әні» картиналарының авторы. Шығармалары Мәскеудегі мемлекеттік Третьяков галереясының қорында және Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында сақталған.

«Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.

88 жыл бұрын (1930-2002) ғалым, әдебиет зерттеушісі, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық академиясының академигі, Қазақ КСР Халық ағарту ісінің озаты, Қазақстан Ғылым академиясы Шоқан Уәлиханов атындағы сыйлығының лауреаты СӘТБАЕВА Шәмшиябану Қанышқызы дүниеге келді.

Қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданы Қаныш Сәтбаев атындағы ауылда туған. Қазақ педагогикалық институтын (Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), М.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің аспирантурасын бітірген.

1954-1965 жылдары - Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аға оқытушысы, доценті. 1965-2002 жылдары Қазақстан Республикасы ғылым академиясының Әдебиет және өнер институтының аға ғылыми қызметкері қызметтерін атқарған.

Негізгі ғылыми еңбектері әдебиеттің көркемдік даму тарихына, заңдылықтарына, әдебиеттер байланыстарын зерттеуге арналған. «Орта Азия және Қазақстан әдебиетінің тарихы» басылымындағы қазақ әдебиеті бөлімін әзірлеуге қатысқан. «XIX және XX ғасырдың бірінші жартысындағы қазақ-еуропа әдеби байланыстары», «Әдеби байланыстар», «Қазақ әдебиеті мен Шығыс» тағы басқа монографияларының, 9-10 орыс сыныптары үшін «Қазақ әдебиеті» және Қазақстанның жоғары оқу орындарының филология факультеті орыс бөлімдеріне арналған «Қазақ әдебиеті» оқулықтарының авторы. «Өрнекті өріс», «Лев Толстой Қазақстанда», «Әдебиет мерейі», «Достық дастандары», «Шоқан Уәлиханов», «Сәулелі әулет», «Уақыт шуағы», «Казахская литература и Восток», «Шакарим Кудайбердиев», «Ш.Уалиханов и русская литература, «Свет очага», «Әбікей Сәтбаев», « Әр жылдардан», «Ұрпақ сыры» атты кітаптары жарық көрген.

62 жыл бұрын (1956)  «Круиз» тур агенттігі» ЖШС директоры, Қазақстан географиялық қоғамының президенті, Қазақстан байкерлер қауымдастығының президенті ПЕТРУХИН Дмитрий Иванович дүниеге келді.

Білімі; Жоғары - Қазақ спорт және туризм академиясы. Мамандығы - туризм менеджері. Орта білімі - Қарағанды тау техникумының маманы. Тау электромеханигі.

Еңбек өтілімі: 1981-1991 аралығында Қарағанды облысы, Саран қаласының Сокурская шахтасында тазартпа кенжар жұмысшысы және Қарағанды көмір бассейнінің  кен орнында жұмысшы болған.

1991 жылы «Круиз» тур-агенттігін құрады. 2001 жылдан бері Қазақстан байкерлер қауымдастығының президенті.

Олимпиада/Азиада алауын алып жүру эстафеталық рәсіміне 2008 (Олимпиада. Қытай) және 2011 жылы (Азиада. Қазақстан)  қатысқан - екеуінде де олимпиада алауын өз мотоциклімен алып жүрді.

«Терравита» жобасының жетекшісі

  

56 жыл бұрын (1962) Қазақстан Республикасындағы ТРАСЕКА  үкіметаралық комиссиясының тұрақты өкілдігінің басшысы СЕЙДАХМЕТОВ Бекен Канелұлы дүниеге келді.

Рига азаматтық авиация инженерлері институтын, Алматы менеджмент мектебін  бітірген.  

Еңбек өтілі: «Правда» газетінде маман (1984); «Қазаккумулятор»  өндірістік-диспетчерлік бөлімінің инженер-диспетчері, экономисі, қаржыгері   (1990-1994);   Алматы, әуежайы қаржы тобының бухгалтері «Қазақстан әуе жолы» ҰАК қарды жұмысы бойынша бастығының орынбасары, Алматы әуежайының бас бухгалтері, 1998-2011 жылдар арасында мемлекеттік органдарда түрлі басшылық лауазымдарда қызмет атқарған,   ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы (2011-2014); ҚР Инвестиция және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитетінің төрағасы (2014-2017).

null 53 жыл бұрын (1965) Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданының әкімі АЙТУАРОВ Жармағанбет Қайырмағанбетұлы дүниеге келді.

Маңғышлақ облысы Маңғыстау ауданының Үштаған ауылында дүниеге келді.

Аталған қызметінде 2012 жылдың наурызынан бастап.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Маңғыстау облысына 35 жыл» медальдарымен, Маңғыстау облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.





50 жыл
 бұрын (1968)  СҚО әкімінің Құрылыс, көлік және автомобиль жолдары мәселелері бойынша орынбасары  ФЕДЯЕВ Антон Владимирович дүниеге келді.

Петропавл қаласында туған. Мәскеу энергетикалық  институтын біртірген, инженер-теплофизик.

Еңбек жолын 1993 жылы ЖЭС-2 турбиналық жабдықтардың қараушы машинисі болып бастаған. 1993-2008 жылдар аралығында Петропавл қаласындағы ЖЭС-2 турбиналардың аға машинисі, ауысым бастығы, «Аксесс-Энерго ПТЭЦ-2» ЖШС-нің өндірістік-техникалық бөлімінде бас инженердің пайдалануға беру жөніндегі орынбасары, бөлім бастығы, «СевКазЭнерго Петропавл» ЖШС инженерінің пайдалануға беру жөніндегі орынбасары қызметтерін атқарған. 2008 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысындағы энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы болып қызмет атқарды.

25 жыл бұрын (1993) белгілі спортшы, ауыр атлет ЧИНШАНЛО Зульфия Салахарқызы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 2008 жылдан бері Ауыр атлетикадан ҚР ұлттық құрамасының мүшесі. ауыр атлетикадан 53 келі салмақ дәрежесіндегі ең жас әлем чемпионы. XVI Азия ойындарының күміс жүлдегері (2010). 2009 жылы әлем чемионы болды (Таиланд). 2010 жылы Сингапурде жастар арасындағы тұңғыш Олимпиада ойындарында күміс жүлдегер болды. 2012 жылы Зүлфия Лондондағы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алып, чемпион атанды. Кейін допинг дауына байланысты ВАДА Чиншанлоның медалін қайтарып алды.

Соңғы жаңалықтар