25 сәуірде Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агентігі Қазақстан қалаларында 25 сәуірде өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламенті Сенатының кезекті отырысы басталады.

10.00-де Кәсіподақтар федерациясында жұмыс істейтін әйелдер үшін еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және әлеуметтік кепілдіктер мәселелері қарастырылатын «Еңбек саласындағы әйелдер: еңбек және жұмыспен қамтудың гендерлік аспектілері» атты ғылыми-тәжірибелік конференция өтеді.

10.00-де Hilton Astana қонақ үйінде «Қазақстан Республикасында қарыз еңбегін реттеу» атты дөңгелек үстел өтеді.

10.00-де Астана Конгресс-орталығында «Бақыт ұйымы» XIV халықаралық HR-конференциясы өтеді.

10.00-де ҚР БҒМ Ғылым комитеті Ұлттық биотехнологиялар орталығында халықаралық ДНҚ күніне арналған халықаралық конференция өтеді.

11.00-де «Үкімет үйінде» «Елдегі су тасқыны кезеңінің қорытындысы» тақырыбында ҚР ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильиннің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтеді.

11.00-де Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Ұлттық бюросында брифинг өтеді.

15.00-де «Ауыл» Халықтық-демократиялық партиясының кезектен тыс XV съезі өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Оюлар сыры» қазақ кілемдерінің көрмесі ашылады.

15.00-де Мәжілісте жастарды жұмысқа орналастыруға қатысты дөңгелек үстел отырысы өтеді.

16.00-де Еуразия гуманитарлық институтында Студент жастар форумы өтеді.

АЛМАТЫ

9.00-де InterContinental қонақ үйінде халықаралық Kazakhstan Technology Summit 2019 (K-Tech) өтеді.

10.00-де ҚР Ұлттық ғылым академиясында шығыстанушы-ғалым Хафизова Клара Шайсұлтанқызының 80 жылдық мерейтойына арналған халықаралық дөңгелек үстел өтеді.

10.30-да Holiday Inn Almaty қонақ үйінде диабетология саласындағы Қазақстан мен Ресей мамандарының баспасөз мәслихаты өтеді.

16.00-де Ә. Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейінде Орал Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қолданбалы өнер колледжінің оқытушылары «Түркі әлемінің бесігі» көрмесін ұйымдастырады.

ШЫМКЕНТ

8.30-да «Айдана Плаза» қонақ үйінде «Суармалы жерлерді тиімді пайдаланудың өзекті мәселелері» атты ҚР Парламенті Мәжілісі Аграрлық мәселелер комитетінің көшпелі отырысы өтеді.

11.00-де Шымкент қаласының әкімдігінде қалалық мәслихаттың кезектен тыс қырық сегізінші сессиясы өтеді.

Соңғы жаңалықтар