+7 (701) 759 90 19
USD 414.13 EUR 451.40
RUB 5.80 CNY 58.03
Jańalyqtar

25 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 25 наурыз 07:00
Бөлісіңіз:
25 наурыз. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2020 жылғы 25 наурызға арналған күнтізбені ұсынады.

25 НАУРЫЗ. СӘРСЕНБІ

Халықаралық құлдық құрбандарын және трансатлантикалық құл саудасын еске алу күні.

Құлдықта және құлдықтан азат ету үшін күресте қаза болғандарды құрметпен еске алу мақсатында - БҰҰ Бас Ассамблеясы 2006 жылғы қарашада 2007 жылғы наурыздың 25-інде трансатлантикалық құл саудасын жоюдың 200 жылдығын мерекелеудің Халықаралық күні ретінде атап өту туралы қаулы қабылдады. 2007 жылдың соңында БҰҰ Бас Ассамблеясы қарар қабылдап, мемлекеттерді жыл сайын наурыздың 25-ін Халықаралық құлдық құрбандарын және трансатлантикалық құл саудасын еске алу күні тұрғысында атап өтуге шақырды.

Күзетке алынған және із-түзсіз жоғалған қызметкерлермен халықаралық ынтымақтастық күні

Бұл күн іс-қимылдарды жұмылдыруға, әділдікті талап етуге және БҰҰ-ның бітімгерлері мен қызметкерлерін, сондай-ақ БАҚ пен үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері болып табылатын әріптестерді қорғауға деген шешімін нығайтуға арналған арналған.

Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 1985 жылы 25 наурызда Палестиналық босқындарға көмектесуде және жұмысты ұйымдастыруда БҰҰ Таяу Шығыс агенттігінде жұмыс істеген журналист Алек Колетт ұрланған. Оны Ливандағы палестиналық босқындар туралы мақаланы жасау кезінде қарулы террористер ұрлап әкеткен.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1930 жылы Балқаш көліне іргелес Бәрібаев, қазіргі Балқаш ауданына қарасты Бақалы жерінде Бәрібаев шаруалар көтерілісі болды. Кеңес өкіметінің ұжымдастыру, жаппай қуғын-сүргін саясаты мен ашаршылық қаупіне шыдамаған жергілікті шаруалар ұйымдасқан қарсылыққа шықты. Бақалы ауыл тұрғындары Құсмади Ахметжанов, Құрамыс Ибрагимов, Жақыпбай Сауқымбаев 100-ден астам адамды ұйымдастырып, көрші ауылдарға үгітшілер жіберді. Көтерілісшілер отрядқа бірігіп, Бақалы коммунасын басып алды, ауылдық кеңесті таратып жіберді. Елден күшпен жиналған 100 пұт астықты, 100 бас жылқыны, басқа да мал мен мүлікті жұртқа таратып берді. Алматы мен Семейден әскер күшін шақыртпау үшін көтерілісшілердің арнайы тобы Балқаш жағындағы телефон байланысының сымдарын үзіп, темір жол табанының алты буынын босатып, алып тастады. Мыңқұм деген жердегі 10 ауылды басып алды. Көтеріліс басшысы Құсмади Ахметжанов Қытай шекарасынан өтіп кеткен босқындармен, Ақсу көтерілісшілерімен байланыс жасап, бірлесе қимылдауға тырысты. Бірақ әскер күштері алдын-ала шекараны нығайтып, оған жол бермеді. Шекарашылар Қытай жағынан көмекке келмек болған қазақ отрядын қолға түсірді. Бәрібаев ауданындағы көтерілісшілер ОГПУ-дің 50 адамдық қарулы жедел әскери отрядының күшімен басылып, 29 адам ату жазасына кесілді.

1992 жылы Қазақстан Республикасы мен Филиппины Республикасы арасында дипломатиялық қарым-қатынастар орнатылғаны туралы нота алмасу рәсімі өтті. Филиппины Қазақстан тәуелсіздігін 1992 жылғы 22 қаңтарда мойындады.

1993 жылы Қазақстан Республикасы Еуропа қайта құру және даму банкінің мүшелігіне қабылданды.

2006 жылы Семейде «Құнанбайдың қуғын-сүргінге ұшыраған ұрпағы» кітабы жарық көрді. Кітаптың авторы - республикалық «Абай» қорының президенті Балтабек Ерсәлімов. Кітап сталиндік қуғын-сүргін жылдарындағы оқиғалар туралы баян етеді. Б.Ерсәлімов «Абай» республикалық қорын - өткен ғасырдың 90-ыншы жылдарында құрылғалы бері басқарып келеді. Кітап материалдарын ол 10 жыл бойы жинап, дайындаған. Бұл кітапта өткен ғасырдың 20-30-ыншы жылдарындағы ұжымдастыруға, ашаршылыққа және қуғын-сүргінге байланысты оқиғалар туралы деректі материалдар келтіріледі. Бұл басылым әдебиет үшін ғана емес, қазақ халқының тарихы үшін де үлкен маңызға ие, дейді кітаптың таныстырылымына қатысқан студенттер, зиялы қауым өкілдері және қала әкімшілігінің өкілдері.

2010 жылы Қазақстанның Ұлттық банкі «Барыс» монетасын айналымға шығарды.

2012 жылы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Оңтүстік Кореяға жұмыс сапарымен барып, Ядролық қауіпсіздік жөніндегі екінші жаһандық саммитке қатысты.

2014 жылы Қазақстан мен АҚШ басшылары Нұрсұлтан Назарбаев пен Барак Обама ядролық қаруды таратпау және ядролық қауіпсіздікті нығайту саласындағы ынтымақтастық туралы бірлескен мәлімдеме жасады.

2015 жылы Алматыда ЮНЕСКО-ның 70 жылдығына және алғашқы қазақстандық ЮНЕСКО клубының 10 жылдығына орайластырылған «ЮНЕСКО жолымен: Бейбітшілік. Өнер. Жастар» халықаралық коллоквиумы өтті.

2017 жылы қазақстандық делегация Малайзиядағы Лангкави аралындағы әуе-ғарыштық және әскери-теңіз техникасының (LIMA-2017) халықаралық көрмесіне қатысты.

Көрме тақырыбы – азаматтық және әскери авиация, гуманитарлық көмекке қатысу, дүлей зілзалалардың салдарын жою, авиациялық техниканы жөндеу және жаңғырту жөніндегі бағдарламалар, дәлдігі жоғары қаруды басқару жүйелері, авиациялық және теңіз қару- жарағы, су асты жұмыстарына арналған техника мен жарақтандыру, ұшқышсыз ұшу аппараттары, техникалық барлау құралдары, қол жеткізуді бақылау құралдары, тренажерлер және оқу бағдарламалары.

2018 жылы Қазақстан хоккей тарихында алғаш рет жастар командасы Ульянов (Ресей) қаласында өткен әлем чемпионатында жеңіс тұғырына көтерілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT