25 маусымда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 25 маусым күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

12.00-де Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінде және Достық үйінде ZOOM платформасы арқылы «Тәуелсіздік. Бірлік. Өркендеу» атты Нұр-Сұлтан қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХІХ сессиясы өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев «Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында Алматы қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы» баспасөз мәслихатын өткізеді. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.

16.00-де қалалық мәслихатта құрылыс, экология, көлік, сауда және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері бойынша тұрақты комиссия қоғамдық көлік жұмысына, оның ішінде халықтың қауқары аз топтары үшін қолжетімділікке қатысты отырысы өткізеді. Отырыс онлайн режимде мәслихаттың Facebook әлеуметтік желісіндегі аккаунтында өтеді www.facebook.com/maslihat.astana.kz

17.00-де ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының музейінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған «Қазақстандық жол» жобасы іске қосылады. Жобаның шымылдығын Астана күніне арналған «Арман қала» көрмесі ашады.


Соңғы жаңалықтар