+7 (701) 759 90 19
USD 420.79 EUR 511.98
RUB 5.67 CNY 64.46
Jańalyqtar

25 маусым. Туған күн иелері

2019 жылғы 25 маусым 08:10
Бөлісіңіз:
25 маусым. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат сейсенбі, 25 маусымға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

null 126 жыл бұрын (1893) ақын Мағжан ЖҰМАБАЕВ дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысының Булаев ауданында туған. Әуелі ауыл молдасынан сабақ алады. Бұдан соң әкесі Бекен Мағжанды Қызылжардағы Бегішев медресесіне оқуға береді. Мұсылмандық орташа дәрежелі білім беретін бұл медресені бес жылдай оқып бітірген соң, 1910-1913 жылдары Уфа қаласында «Ғалия» медресесінде оқиды. Осында жүріп «Садақ» журналын шығаруға араласып, өзінің өлеңдерін жариялайды. Абайдың өлеңдер жинағымен танысады, татар ақын-жазушыларымен достасады. Араб, парсы, түрік тілдерін оқып үйренуін жалғастырады. Орыс тілінен сабақ алады. Абай үлгісімен Шығыс пен Батыс поэзиясынан бірдей нәр алады.

1913-1917 жылдары Омбыдағы мұғалімдер даярлайтын семинарияда оқып, оны үздік бітіреді. Омбыда оқып жүрген кезінде сондағы жастармен тізе қосып, «Бірлік» әдеби үйірмесін құруға қолғабыс етіп, оның «Балапан» атты қолжазба әдеби журналын редакциялайды. 1917-1923 жылдары «Бостандық туы», «Ақжол» газеттерінде және «Шолпан» журналында еңбек ете жүріп, халық ағарту жұмысына белсене араласады. 1923-1926 жылдары Мәскеуде көркем әдебиет институтында оқиды. 1927-1929 жылдары Бурабайда, одан соң Петропавлда оқытушылық қызметтер атқарады.

1912 жылы Қазан шаһарында «Шолпан» атты өлеңдер жинағы жарық көреді. «Батыр Баян», «Оқжетпестің қиясында», «Қойлыбайдың қобызы», «Өтірік ертегі», «Шын ертегі» поэмаларында адам жанының, психологиялық әлемнің құпия сырларын, иірімдерін, даму диалектикасын асқан шеберлікпен кестелеп өрнектей білген. Кеңес жылдары екі өлеңдер жинағын жариялады. Алғашқысы - 1922 жылы Қазанда, екіншісі Ташкентте басылып шыққан. Мектеп оқушыларына, мұғалімдерге арнап «Педагогика», «Бастауыш мектепте ана тілін оқыту жөні» еңбектерін жариялаған.

1929 жылы Жұмабаев «Алқа» атты жасырын ұйым құрды деген айыптаулармен Мәскеудегі Бутырка түрмесіне қамалып, 10 жыл айдауға кесілген. 1936 жылы М. Горький және Е. Пешкованың араласуымен бостандық алып, Қазақстанға оралып, Петропавл қаласындағы мектепте орыс тілі мен әдебиетінен сабақ берген. 1937 жылы наурызда Мағжан Жұмабаев Алматыға келіп, аударма ісімен айналысқан. 1938 жылы қайтадан қамауға алынып, ату жазасына кесілді. М. Жұмабаевтың «Алыстағы бауырыма» өлеңін Мұстафа Шоқай «Яш Түркістан» журналында жариялай отырып, оны түрікшілдік күресі үшін ең пайдалы өлең деп бағалаған.

Жұмабаев - философ ақын. Ақын «Қорқыт» поэмасында философиядағы мәңгілік тақырып - өмір мен өлім мәселесін Қорқыт пен ажалдың аңдысуы түрінде суреттеген. Жұмабаев Ақан сері, Базар жырау, Әбубәкір Диваев туралы зерттеу үлгілерін жинауға жәрдемдескен. Ол әлемнің және орыстың ақын-жазушылары И. Гете, Г. Гейне, Әбу Фирас, А. Кольцов, М. Лермонтов, А. Фет, И. Дмитриев, И. Мятлов, А. Блок өлеңдерін, М. Горький, В. Иванов, Д. Мамин-Сибиряк, т.б. әңгімелерін қазақ тіліне аударған. Жұмабаев «Шолпанның күнәсі» әңгімесі арқылы қазақ әдебиетіне психологиялық талдау, сана ағымы әдістерін енгізген. Ақын 1960 жылы ақталған соң, кітаптары Түркияда жарық көре бастаған. Қазақстанда Жұмабаев шығармалары 1989 жылы ғана қайтадан жариялана бастады. Алматы, Астана және Петропавл қалаларындағы көшелерге Жұмабаев есімі берілген. Петропавл қаласында және ақынның туған ауылында ескерткіш қойылған. Солтүстік Қазақстан облысының бұрынғы Булаев ауданы М. Жұмабаев ауданы болып аталды. Халықаралық Түркі академиясы 2018 жылды «Мағжан Жұмабаев жылы» деп жариялады.

null 76 жыл бұрын (1943-2017) Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Алтын адам» сыйлығының лауреаты, Ресей мемлекеттік сыйлығының иегері Владимир Алексеевич ТОЛОКОННИКОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Ярослав театр училищесін бітірген. 1973-2017 жылдары М. Лермонтов атындағы Мемлекеттік орыс драма театрының актері. Осы театр сахнасында орыс және шетел драматургиясы бойынша қойылған спектакльдерде ойнаған. Актер «Иттің жүрегі», «Тоғысқан тағдырлар», «Шанхай» сияқты 40-қа жуық киноға түскен.




null 67 жыл бұрын (1952) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі, Халық қаһарманы, генерал-лейтенант Бақытжан ЕРТАЕВ дүниеге келді.

Жамбыл облысы Жуалы ауданының Кеңес ауылында туған. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1973), М.В. Фрунзе атындағы Әскери академиясын бітірген (1985). Ресей Федерациясы Қарулы Күштерінің Бас штабы Әскери академиясында оқыған (1996). 1973-1980 жж. - мотоатқыштар взводы, рота командирі. 1980-1982 жж. - Кеңес әскерінің Ауғанстандағы шектеулі контингент құрамында мотоатқыштар батальоны штабының бастығы командирінің орынбасары, 66-шы жеке мотоатқыштар бригадасында және 68-ші мотоатқыштар дивизиясының 188-ші мотоатқыштар полкында батальон командирі болды. 1982-1985 жж. - М.В. Фрунзе атындағы Әскери академиясының тыңдаушысы. 1985-1992 жж. - Кеңес әскерінің Германиядағы тобында 35-ші мотоатқыштар дивизиясы полк командирінің орынбасары, полк командирі. 1992 ж. - Қазақстанның Қарулы Күштері құрылғаннан бастап Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетінде әскери қызмет өткерген. 1992-1997 жж. - 97751-ші әскери бөлімінің командирі. 1996-1997 жж. - 1-ші әскери корпустың командирі. 1997-2000 жж. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы. 1999 жылғы тамыздан бастап 1999 жылғы 13 қазанға дейін Қорғаныс министрінің міндетін атқарған. 2000-2002 жж. - Шығыс әскери округі әскерлерінің колбасшысы. 2002 жылғы қаңтар-қыркүйекте - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясының бастығы. 2002-2003 жж. - Қазақстан Республикасы ТМД-ға қатысушы-мемлекеттердің ҰҚШҰ әскери ынтымақтастығын үйлестіру штабында Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің өкілі. 2003-2005 жж. - Жауынгерлік даярлық жөніндегі құрлық әскерлері қолбасшысының орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлері Бас қолбасшысы басқармасының Жауынгерлік даярлық жөніндегі бас басқармасының бастығы. 2005-2008 жж. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас инспекциясының Жауынгерлік даярлықты бақылау мен ұйымдастыру жөніндегі генерал-инспекторы. 2008-2011жж. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Жауынгерлік даярлық жөніндегі штаб бастықтары комитетінің төраға орынбасары. 2009 - 2011 жж. - Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Бас әскери инспекциясының бастығы. 2012-2016 жылдары бесінші шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, 2016 жылдан бері алтыншы шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшесі. «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.

«Халық қаһарманы» атағымен, «Отан», «Қызыл Жұлдыз», II дәрежелі «Данқ» және басқа да жауынгерлік ордендермен және медальдармен марапатталған. Неміс тілін меңгерген.

null 66 жыл бұрын (1953) «Назарбаев Университеті» ААҚ «National Laboratory Astana» орталығының бас директоры Жақсыбай Шаймарданұлы ЖҰМАДІЛОВ дүниеге келді.

Дәрігер-хирург мамандығы бойынша Семей мемлекеттік медициналық институтын, Мәскеу қаласындағы А.В. Вишневский атындағы хирургия институтында клиникалық ординатор мамандығы бойынша докторантураны тәмамдаған.

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, медицина ғылымдарының докторы, PhD, профессор. 550 ғылыми жарияланым және 29-дан астам патенттің, өнертабыстардың авторы.



null 58 жыл бұрын (1961) ресейлік клипмейкер, продюсер, кинорежиссер Тимур Нұрыахытұлы БЕКМАМБЕТОВ дүниеге келді.

Атырау қаласында дүниеге келген. C.M. Киров атындағы №17 орта мектебін бітірді. Мәскеулік Энергетика институтында оқыды, бірақ оқуын бітірмеді. Кейін Ташкент қаласына қоныс аударды.

Еңбек жолын 1986 жылы «Перед большой дорогой на войну» телефильмінде қоюшы-суретші болудан бастаған. 1987 жылы А. Островский атындағы Ташкент театр-көркемөнер институтын бітірген. 1978 жылы 17 жасында ол Мәскеуге қоныс аударып, бейнебаяндар түсірумен айналысты. 1994 жылы Сорренто кинофестивалінде әділқазылардың арнайы жүлдесі мен «Кинотаврдегі» киносыншылардың арнайы сыйлығын иеленген «Пешаварский вальс» толықметражды фильмі сценарийінің тең авторы және тең режисері. 1994 жылы «Карловы Вары» Халықаралық кинофестивалінде ең үздік режиссерлік жұмыс және актерлік құрам жүлдесіне ие болды. РТР телеарнасының тапсырысы бойынша «Наши 90-e» атты сегіз сериялы телевизиялық көркем фильмін түсірді. Роджер Корман студиясы үшін «Гладиатрикс» фильмін түсіруге шақырылды. 2002 жылы «ГАЗ-русские машины» атты фильмін түсірді.

2004-2005 жылдары Сергей Лукьяненконың «Ночной дозор» және «Дневной дозор» аттас романы бойынша түсірілген фантастикалық фильмдерінің режиссері әрі тең авторы. Осы картиналар оның атын шығарды. 2005 жылы Голливудқа шақырылды.

Эльдар Рязановтың рұқсатымен бірнеше ұрпақтың сүйікті киносына айналып үлгерген «Ирония судьбы» фильмінің жалғасын түсіріп, бұл картина Ресей кинобизнесіндегі долларлық табыс табу рекордын түбегейлі жаңартты.
2008 жылы әлемдік прокатқа «Особо опасен» фильмі шыққан алғашқы аптада 80 миллион доллар жинап үлгерген, әйгілі Анджелина Джолидің қатысуымен Голливудта түсірген фильмінен кейін, Тимур Бекмамбетов Астанада өткен 5-ші халықаралық «Еуразия» кинофестивалінің құрметті қонағы болды.
«Империал фильм» ЖАҚ, «ТАББАК» киностудиясы және «Базелевс Продакшн» компаниясының ұйымдастырушысы және бас директоры.

null 49 жыл бұрын (1970) Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясы төрағасының орынбасары Ерлан Бияхметұлы САЙЫРОВ дүниеге келді.

А.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетін бітірген, тарихшы; Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын бітірген, мемлекеттік және муниципалды басқару.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің ішкі саясат департаментінің директоры (2000-2003 жж.); «Қазинжиниринг» АҚ атқарушы директоры (2003 жылдан бастап); Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Ақпараттық-талдау бөлімінің меңгерушісі (2005 жылдан бастап); Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің қоғамдық саяси жұмыстар департаментінің директоры (2008 жылдан бастап); «Ult TIMES» республикалық апталық әлеуметтік-саяси газетінің редакциялық алқасының төрағасы (2012-2013 жж.); «Мәдени даму институты» ҚҚ ғылыми директоры (2013-2015); ҚР Кәсіподақтар федерациясы төрағасының кеңесшісі (2017 ж).

2017 жылдың желтоқсан айынан бастап қазіргі қызметінде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Смағұлова Еркежан

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT