25 мамырда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 25 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

11.00-де «Нұртау» бизнес орталығында «Тұрғын үй коопервтивтері: Әлеуметтік әлсіз топтарға арналған баспана бағдарламалары» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді. Шараға тұрғын үй кооперативтерінің үлескерлері, кооперативтер төрағалары мен тәуелсіз сарапшылар қатысады.

12.00-де ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында мемлекет және қоғам қайраткері, белгілі түрколог, ғалым Мырзатай Жолдасбековтың 85 жылдық мерейтойына арналған халықаралық ғылыми конференция өтеді.

12.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының кезектен тыс сессиясы өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу және Қазақстанда жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жетілдіру туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Әбілхайыр Тамабек, ҚР АШМ Егіншілік департаментінің директоры Азат Сұлтанов, ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының орынбасары Гүлжахан Бимендина. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz , https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz .

17.00-де ҚР Білім және ғылым вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің «Болашақ» бағдарламасының стипендиаттарымен және түлектерімен саяси реформалардың халықаралық тәжірибесін талқылауға арналған кездесуі өтеді.

17.30-да Оқушылар сарайында «Дос болайық бәріміз» концерті ұйымдастырылады.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Қызыл алма» лирикалық драмасы көрсетіледі.


Соңғы жаңалықтар