Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 382.38 EUR 428.30
RUB 5.97 CNY 55.39

25 мамыр. Туған күн иелері

2019 жылғы 25 мамыр 08:08
Поделиться:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 25 мамырда тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР             


116 жыл
 бұрын (1903-1970) Қазақстандағы музыка аспабын жасаушы шебер Эммануил Иосифович РОМАНЕНКО  дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1932 жылы Алматы музыка драма театрының шеберханасында қазақ музыка аспаптарының алғашқы үлгілерін жасаған. 1942 жылы Қазақ мемлекеттік филармониясының шеберханасына ауысқан. Мұнда ол Қазақ академиялық халық аспаптары оркестрі үшін домбыра мен қобыздың түрлерін жасап шығарған. 1952 жылдан өмірінің соңына дейін Алматы консерваториясының (қазіргі Қазақ ұлттық консерватория) музыкалық-эксперименталдық шеберханасында еңбек еткен. Романенко домбыра мен қобызды жетілдіруге мол үлес қосқан.



25 мамыр. Туған күн иелері95 жыл
 бұрын (1924-2013) әскери қайраткер, армия генералы, Кеңес Одағының Батыры, «Халық қаһарманы», Алматы, Астана, Донецк (Украина) қалаларының, Ақмола облысының, Ақкөл ауданының құрметті азаматы Сағадат Қожахметұлы НҰРМАҒАМБЕТОВ дүниеге келді.
Ақмола облысының Ақкөл ауданында туған. 1943 жылы Кушка қаласындағы (Түрікменстан) пулемет училищесін бітіргеннен кейін майданға жіберілді. Солтүстік Кавказ, 4-ші Украин және 1-ші Беларус майдандарында взвод, рота және батальон командирі болып, Польша жерінде Пилица өзенінің сол жағалауындағы плацдарм үшін болған ұрыста ерекше ерлік көрсетті. 1949 жылы Мәскеудегі Әскери академияны бітіріп, Түркістан әскери округі штабында істеді. 1954-1958 жылдары - мотоатқыштар полкінің командирі. 1958-1961 жылдары - мотоатқыштар дивизиясының штаб бастығы. 1962-1969 жылдары Қазақ КСР Азаматтық қорғаныс штабының бастығы. 1969-1989 жылдары - Орта Азия әскери округі қолбасшысының орынбасары, Оңтүстік әскери тобы қолбасшысының бірінші орынбасары. 1991-1992 жылдары - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы. 1992-1995 жылдары - Қазақстанның тұңғыш Қорғаныс министрі. 1995-1996 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі қызметін атқарды.

С.Нұрмағамбетов Қазақстанның тәуелсіздік алған алғашқы жылдарында аумақтық тұтастықты қамтамасыз етуде, республиканың Қарулы күштерін құруда, ұлттық кадрларды даярлауда үлкен еңбек сіңірді. 1999 жылы наурызда Астана қаласында генерал Сағадат Нұрмағанбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі құрылды. Тәуелсіз еліміздің қарулы күштерінде қызмет ететін болашақ сарбаздар осы мектеп қабырғасынан тәрбиеленіп шығады. «Ленин», 2 мәрте «Қызыл жұлдыз», 1,2-ші дәрежелі «Отан соғысы», «Құрмет белгісі», «Қазан төңкерісі», 2 мәрте «Еңбек Қызыл Ту», «Отан» ордендерімен, медальдармен, шет ел орден-медальдарымен марапатталған.


25 мамыр. Туған күн иелері63 жыл
бұрын (1956) Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік кеңесі хатшылығының меңгерушісі Саидмұрат Бапанұлы ТӘҢІРБЕРГЕН дүниеге келген.

Ташкентте (Өзбекстан) туған. Қазақ политехника институтын бітірген, механик.

Еңбек жолы: «Ремстройтехника» бірлестігінде, «Уран» ғылыми-өндірістік бірлестігінде, Қазақ политехникалық институтында, арматура технологиясы бүкілодақтық ғылыми-зерттеу институтында, «КЭМПО» қорғаныс өнеркәсібі корпорациясында жұмыс істеді (1979-1992); Қазақстан Республикасының экономика жөніндегі Мемлекеттік комитетінде әскери бағдарламалар бөлімінің бастығы, Экономика министрлігінің қорғаныс өнеркәсібі экономикасы басқармасының бастығы, Экономика министрлігі жанындағы мемлекеттік сатып алулар агенттігінің директоры, Экономика және сауда министрлігінің Мемлекеттік сатып алулар департаментінің директоры (1992-1997); Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Экономикалық саясат және арнаулы бағдарламалар департаменті директорының орынбасары, директоры (1997-1999); Қорғаныс министрлігінің Халықаралық әскери ынтымақтастық департаментінің бастығы (1999-2002); Қауіпсіздік кеңесінің сектор меңгерушісі, сыртқы және әскери қауіпсіздік бөлімінің меңгерушісі, Хатшылық меңгерушісінің орынбасары (2002-2015).

Қазіргі лауазымын 2015 жылғы маусымнан бері атқарып келеді.

«Құрмет» (2010) орденімен, Қазақстан Республикасының құрмет грамотасымен (2001), «Ерен еңбегі үшін» (2003) медалімен, ҰҚШҰ құрмет грамотасымен (2012), мерейтойлық және ведомстволық 11 медальмен, ҚР Президенті Әкімшілігінің «Мінсіз қызметі үшін» төс белгісімен (2014) марапатталған.


25 мамыр. Туған күн иелері50 жыл
 бұрын (1969) Қазақстан Республикасының цифрлық даму, қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Дарын Шылбынұлы ТҰЯҚОВ дүниеге келді.

Алматы облысы Алакөл ауданы Үшарал ауылында туған.

1990 жылы Ю. В. Андропов атындағы Ленинград жоғары әскери-саяси ӘҚҚ училищесін, 1997 жылы - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды, 2007 жылы - Халықаралық бизнес академиясын, 2014 жылы - РФ Президенті жанындағы РХШМҚА тәмамдаған. Мамандығы бойынша -заңгер-құқықтанушы.

Еңбек жолын 1990 жылы ӘҚҚ радиотехникалық күштерінің жеке радиолокациялық ротасы командирінің орынбасары болып бастаған.

Қорғаныс министрлігінде, Әділет министрлігінде, Алматыда коммерциялық құрылымдарда, «Қазақтелеком» АҚ-да жұмыс істеген. «Қазақтелеком» АҚ бас директоры - аппарат басшысы лауазымын атқарған. ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі (2018-2019).

Қазіргі лауазымын атқаруға 2019 жылдың сәуірінде кірісті.

«Астананың 10 жылдығы», «ҚР тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған. Саланы дамытуға қосқан жеке үлесі үшін «Үздік Байланысшы» құрметті атағын иеленген.


25 мамыр. Туған күн иелері43 жыл
 бұрын (1976) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының көмекшісі Данияр Талғатұлы АҚЫШЕВ дүниеге келді. 

Алматы қаласында туған. 1996 жылы Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын экономист мамандығы бойынша үздік аяқтады (мамандануы - банк ісін ұйымдастыру).

Еңбек жолын Орталық Азия қор биржасында маман ретінде бастады. 
1996-2003 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің зерттеу және статистика департаментінде түрлі лауазымдар атқарды, 2003-2007 жылдары осы департаментті басқарды. 2007-2014 жылдары Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары. 2014-2015 жылдары Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімінің меңгерушісі лауазымын, 2015 жылғы тамыз - 2015 жылғы қараша аралығында сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті көмекшісінің міндеттерін уақытша атқарушы болды. Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің төрағасы (2015-2019); ҚР Президентінің кеңесшісі (-04.2019).

Қазіргі лауазымына 2019 жылдың сәуірінде тағайындалды.

38 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Дін істері жөніндегі комитетінің төрағасы Ержан Болатқанұлы НҮКЕЖАНОВ дүниге келген.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін бітірген, тарих пәнінің оқытушысы, тарих магистрі. Еңбек жолын 2002 жылы «Қазақстанның телевидениесі мен радиосы» республикалық корпорациясы Ақпарат-талдау қызметінің редакторы-жүргізушісі болып бастады.

2004-2005 жылдары Халықаралық қазіргі заманғы саясат институты Ақпарат-талдау бөлімінің күнтізбелік өнімдер тобының жетекшісі, «Хабар агенттігі» ақпараттық бағдарламалар дирекциясы талдау бөлімінің жетекші маманы. 2005-2007 жылдары - «Отан» РСП Орталық аппаратының Әлеуметтік-экономикалық саясат, идеологиялық және ақпарат-талдау жұмысы департаменттерінің консультанты, «Нұр Отан» ХДП Орталық аппараты партияның саяси кеңесі комиссияларымен жұмыс жөніндегі бөлім меңгерушісі. 2007-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Қоғамдық бірлестіктермен жұмыс жөніндегі бөлімнің бастығы, Қоғамдық-саяси жұмыс және Қазақстан халқы Ассамблеясымен өзара іс-әрекет жасау жөніндегі басқарманың бастығы. 2009-2016 жылдары Қазақстан Республикасы Президентінің Баспасөз қызметінде сарапшы, консультант, сектор меңгерушісі қызметтерін атқарды. Парламент Мәжілісі Аппараты басшысының орынбасары (2016-2018); ҚР АКМ Ақпарат комитетінің төрағасы (2018-2019).

Қазіргі лауазымына 2019 жылдың сәуірінде тағайындалды. 

Бөлісіңіз:
MURAǴAT