25 мамыр күні СҚО-да 3 733 түлек үшін соңғы қоңырау соғылды (ФОТО)

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Бүгін Солтүстік Қазақстан облысында жалпы білім беретін мектептердің 3 733 түлегі үшін «соңғы қоңырау» сыңғырлады. Соның ішінде 112 түлек «Алтын белгі» белгісіне үміткер болса, 58-і - үздік аттестат иегері аталмақ.

Петропавл қаласындағы қазақ мектеп-гимназиясының түлектерін аймақ басшысы Ерік Сұлтанов құттықтады. Биыл бұл білім ошағында 40 бала оқу бітірді. «Бүгінде алдарыңда жауапты шешім қабылдап, кәсіби жолды таңдау міндеті тұр. Мектеппен, мұндағы мұғалімдеріңізбен алғыс және ризашылық сезіммен қоштасып тұрғандарыңызға сенімдімін», - деп атап өтті өз сөзінде аймақ басшысы.

Салтанатты сап түзеуден кейін облыс әкімі Ерік Сұлтанов білім мекемесіне барып, оның жабдықталуымен танысып өтті.

Соңғы жаңалықтар