Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 378.83 EUR 430.99
RUB 6.04 CNY 55.05

25 мамыр. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 25 мамыр 07:00
Поделиться:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандар назарына 2019 жылғы 25 мамырға арналған күнтізбені ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік қалқанша без күні

2009 жылы Еуропалық тиреоидологиялық қауымдастық (European Thyroid Association, ETA) бастамасымен құрылды. ETA - қалқанша безіне байланысты мәселелерді зерттеумен айналысатын ұйым.

Жоғалған балалардың халықаралық күні

1979 жылы бұл күні мектептен үйіне қайтар жолда Эвиан Пейтс есімді алты жасар оқушы жоғалған. Оған халықаралық іздеу жарияланса да, нәтиже шықпаған. Осы оқиғадан төрт жыл өткен соң АҚШ президенті Рональд Рейган 25 мамырды «Халықаралық жоғалған балалар күні» деп жариялады. Бір жылдан соң жоғалған және пайдаланылған балаларды іздеудің ұлттық орталығы құрылды. Аталған бастаманы бірқатар Еуропалық ел қолдады. 1997 жылы жоғалған және пайдаланылған балаларды іздеудің халықаралық орталығы (ICMEC) құрылды.

Алматыда фонтандар мерекесі

2005 жылдан бастап жыл сайын атап өтіледі. Алматы қаласы әкімінің қаулысымен бекітілген.

Филологтар күні

Бұл мереке филологиялық білімі бар тіл мен әдебиет саласындағы оқытушылар, кітапханашы, аудармашы-филологтарды біріктіреді.

Филология деген атаудың түп төркіні гректің «фило» - «сүйіспеншілік», «логос» - «сөз» деген сөздерінен шыққан. Сонда «сөзге сүйіспеншілік» деген мағына береді. Ал біз қолданып жүрген арабтың «əдебиет» деген сөзі «асыл сөз» деген мағына берсе, латынша «литература» жазу - сызу деген мағына береді екен. Филология - адам баласының рухани мəдениетінің мəні мен тарихын жазба мəтіндерді тілдік жəне стилистикалық тұрғыдан талдау арқылы танып білуге негізделетін лингвистика, əдебиеттану, тарих, т.с.с. гуманитарлық пəндердің бірлестігі, жиынтығы. 

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1992 жылы Мәскеуде Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара көмек көрсету, достық туралы келісімге, сондай-ақ Қазақстан мен Ресей арасындағы шекара сызығын белгілеу уағдаластығына қол жеткізілді.

2006 жылы Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын толтыру аяқталды. Оның құрылысы «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен Қытай ұлттық мұнай-газ корпорациясы арасында 2004 жылғы мамырдың 17-сінде жасалған Атасу-Алашаңқай мұнай құбырын салудың негізгі ұстанымдары туралы Келісімге сәйкес жүзеге асырылды. Құбырды толтыруға қажет технологиялық мұнайдың көлемі 400 мыңнан астам тоннаны құрады. Мұнай құбырын толтыру салтанаты 2005 жылғы желтоқсанның 15-інде басталған болатын. Оны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамының Астанадағы орталық диспетчерлік басқару ғимаратынан мұнай құбырларын автоматты бақылау және басқару жүйесі көмегімен іске қосты. Атасу-Алашаңқай мұнай құбырының ұзындығы - 962,2 шақырым, құбыр диаметрі 813 миллиметр. Оның жобалық өткізу қабілеттілігі - жылына 20 млн.тонна, соның ішінде алғашқы кезеңінде жылына 10 млн. тонна мұнай өткізе алады. Мұнай құбыры Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Алматы облыстарын басып өтіп, ҚХР аумағындағы Алашаңқайға жетеді.

2010 жылы  Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Абдуллаһ Гүл Түркі академиясын ашты. Академияны құрудағы мақсат - көне дәуірден бүгінге дейінгі түркі әлемі тарихын, тілі мен әдебиетін және мәдениетін зерттеу. Түркі мемлекеттерінің әлемдік өркениеттегі орны мен ерекше үлесін төлтума деректер негізінде аша отырып жалпы түркі әлеміне қатысты ғылыми зерттеулерді үйлестіретін бірегей орталыққа айналу. Түркі халықтарының ғылыми қауымдастығының ғылым мен білімінің дамуы, сондай-ақ басқа да түркітілдес мемлекеттер қайраткерлерінің бастамаларына жағдай жасау және олардың басын бір арнаға тоғыстыру.

2010 жылы ТҮРКСОЙ ұйымы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Президенті Абдуллаһ Гүлді «Түркі әлемін дамытуға қосқан ерекше үлесі үшін» орденімен марапаттады.

2012 жылы ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында ТМД-ға қатысушы мемлекеттердің «Кітап өнері» ІХ халықаралық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі болды.

Онда Қазақстанның «Золотая книга» баспасынан жарық көрген «ҚР Мемлекеттік рәміздері. Тәуелсіздік символдары» кітабы беларус баспагерлерінің «Альбом рисунков 1864 1867. - Белорусская энциклопедия им. П. Бровки» атты еңбегімен бірге Гран-приді жеңіп алды.

2015 жылы Түркияның Жерорта теңізі  жағалауында орналасқан Адана қаласында Қазақстанның тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев атындағы даңғыл салтанатты түрде ашылды.

2015 жылы «Қазпошта» АҚ Еуразиялық экономикалық одаққа арналған «Еске алу  және мерейтойлық күндер» сериясынан пошталық марканы айналымға енгізді. Одақтың бір жылдығы құрметіне ол ЕАЭО нышаны, Қазақстанның туы бейнеленген маркамен толықты.  

2016 жылы Ақмола облысында көрнекті мемлекеттік және әскери қайраткер, тәуелсіз Қазақстанның тұңғыш қорғаныс министрі, Кеңес Одағының батыры, Халық Қаһарманы, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовке ескерткіш орнатылды.

2017 жылы Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында Түркі академиясы халықаралық ұйымы (TWESCO) Түркі жазуы күніне орай Түркология музейінің ашылу салтанатын өткізді. Онда қуғын-сүргінге ұшыраған түркологтардың мұрасы қойылған. Түркітану саласында алғаш рет ұйымдастырылған экспозицияда әйгілі түркітанушы ғалымдар Әбдуәли Қайдар, Әбжан Құрышжанов, Әмір Нәжіп, Рабиға Сыздықова мен Осман Фикри Серткаяның және басқа да ғалымдардың жеке тұтынған дүниелері, бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған күнделіктері мен қолжазбалары ұсынылған.

2017 жылы Павлодарда Ертіс өзенінің жағасынан 18 ғасырдағы белгілі әскери әрі мемлекет қайраткері Сұлтанмұхамед Бахадүр сұлтанның резиденциясы табылды. Павлодарлық Тимур Смағұлов бастаған «Марғұлан-орталығының» археологтары үш ғасыр бұрын Ертіс маңы билеушісінің ордасы болған жерді тапты. Сұлтанмұхамед Бахадүр Абылай ханның туысы болған. Дипломатиялық бағытта жазылған жазбалар оның көреген әрі өте сұңғыла саясаткер болғанын айғақтайды.

 

2017 жылы қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қытайда үздік орындаушы атанды. Марапат Бейжіңде өткен «OK!Magazine China» журналының 5 жылдық мерейтойында табысталды.

2018 жылы Ақмола облысының Целиноград ауданындағы "АЛЖИР" музей-мемориалдық кешені аумағында 1938-1953 жылдары тұтқында жазасын өтеген еврей ұлты əйелдерінің құрметіне мемориалды тақта қойылды. Мемориалдық тақта өткен ғасырдың 30-50 жылдарындағы  қайғылы күндерді еске алуға арналған. Əр жылдары «Отанын опасыздық жасағандардың» əйелдеріне арналған Ақмола лагері аталатын "№26 лагпункте" 855 еврей әйелі болды, олар тұтқындардың 16 пайызын құрады. Жалпы, мұражай мұрағаттарында АЛЖИР-де тұтқында болған 62 ұлттың əйелдерінің есімдері жазылған.

2018 жылы ҚР Ұлттық олимпиада комитеті Астанада Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы кітапханасында «Қазақстандағы Олимпиада қозғалысы» тұрақты экспозициясын ашты. Кітапханада еліміздің Тәуелсіздік жылдарындағы спорт тарихы, қазақстандық спортшылардың жеңісі мен табыс таңбасы ұсынылады. 

 

 

Бөлісіңіз:
MURAǴAT