25 қыркүйекте елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 25 қыркүйек күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

10.00-де Назарбаев университеті ашық есік күнін өткізеді.

Ашық есік күні университет оқытушыларымен, түлектерімен және қызметкерлерімен кездесіп, академиялық бағдарламалар, оқуға түсу және оқу шарттары, грант түрлері туралы толығырақ ақпарат алуға болады.

12.00-де Триатлон парк аумағында «Қолжетімді спорт» жобасы аясында елорда тұрғындарына йогадан ашық сабақ ұйымдастырады. Оны танымал йога шеберлері Сұңғат Ысқақов пен Ольга Васильева өткізеді.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Шәмші» элегиясы көрсетіледі.

19.00-де Жастар театрында «Ұйқым келмейді» музыкалық моноспектаклі сахналанады.

19.00-де Астана балет театры симфониялық оркестрінің концерті өтеді.


Соңғы жаңалықтар