+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.71 EUR 429.17
RUB 6.02 CNY 54.66
Jańalyqtar

25 қыркүйекте Байқоңыр ғарыш айлағынан тұңғыш рет БАӘ ғарышкері ұшады

2019 жылғы 23 тамыз 09:01
Бөлісіңіз:
25 қыркүйекте Байқоңыр ғарыш айлағынан тұңғыш рет БАӘ ғарышкері  ұшады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов Біріккен Араб Әмірліктерінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Мұхаммад әл-Джаберді қабылдады, деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Жанар Айтжанова Халықаралық электрбайланыс одағының Бас хатшысымен кездесті Қазақстан мен Ресей Сыртқы істер министрлері не жайында сөйлесті Қазақстан Елшісі Иордания Короліне сенім грамоталарын тапсырды

Тараптар екіжақты саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективалары, өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерге қатысты кең ауқымды мәселелерді талқылады.

«Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері соңғы жылдары елеулі оң серпін алған дәстүрлі достық, әріптестік қарым-қатынастарды байланыстырады. Біз барлық салалардағы өзара тиімді байланыстарды одан әрі де белсенді түрде арттыруға, халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша ұстанымдарды салыстыруға, Қазақстан-әмірліктік екі жақты қатынастардың құқықтық негіздерін нығайтуға бірлесіп жәрдемдесуге ниеттіміз», - деді СІМ басшысы.

Кездесу барысында әмірлік Елші министрге БАӘ Президенті Шейх Халифа бен Заид Әл Нахаянның Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа Әмірліктерге сапармен келіп қайтуға шақыруын табыс етті.

Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары тең төрағалары болып табылатын Қазақстан-әмірлік үкіметаралық комиссиясының 7-ші отырысына дайындық келіссөздердің ерекше тақырыбы болды. Тараптар бұл комиссия екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықты тереңдетудің басты тетігі болып табылатынына келісті.

Ғарышты игеру бойынша бірлескен ынтымақтастық кең перспективалары ашады. Осыған байланысты, тараптар №1 алаңда («Гагариндық старт») «Союз» старттық кешенін және ұшыру қызметтерінің әлемдік нарығында сұранысқа ие «Союз-2» орта класты зымыран тасығышын жаңғырту жолымен «Байқоңыр» ғарыш айлағында ғарыш зымыран кешенін құру жөніндегі жобаның маңыздылығын атап өтті. Қазақстан және Эмираттармен қатар Ресей Федерациясы да жобаның серіктесі болып табылады.

Әмірлік тарап БАӘ ғарыш саласын дамытуға қолдау көрсеткені және ынтымақтастығы үшін Қазақстанға алғыс білдірді. Елші сондай-ақ, 25 қыркүйекте Байқоңыр ғарыш айлағынан бірінші әмірлік ғарышкер Хазаа әл-Мансуридің ұшуы жоспарланғанын және осы стартқа БАӘ Жоғары білім беру мемлекеттік министрі, Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Ахмад Белхул Әл Фаласидің қатысуы жоспарланғанын хабарлады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT