+7 (701) 759 90 19
USD 430.51 EUR 505.72
RUB 5.51 CNY 64.14
Jańalyqtar

25 қыркүйек. Туған күн иелері

2020 жылғы 25 қыркүйек 08:10
Бөлісіңіз:
25 қыркүйек. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 25 қыркүйек күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
29 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі 28 қазан. Туған күн иелері 28 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

ЕСІМДЕР

60 жыл бұрын (1960) Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының әншісі (меццо-сопрано), Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, М.Глинка атындағы халықаралық әншілер байқауының лауреаты Сара ИЩАНОВА дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры жанындағы опера студиясын, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясы жанындағы музыкалық училищесін, П.Чайковский атындағы Мәскеу мемлекеттік консерваториясын бітірген.

1990 жылдан бастап Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры құрамының соло-әншісі. Осы театрдағы алғашқы партиясы - Любаша (Н.Римский-Корсаков «Патша қалыңдығы»). Бұдан кейін Граф әйелі, Ольга (П.Чайковскийдің «Қарғаның мәткесі»,«Евгений Онегин»), Амнерис («Аида» Дж.Верди), Флора («Травиата» Дж.Верди), Азучена («Трубадур» Дж.Пуччини), Кармен («Кармен» Ж.Бизе), Марта («Фауст» Ш.Гуно), Маддалена («Риголетто» Дж.Верди), тағы басқа орыс және шет ел классиктерінің опера партияларын кемеліне келтіре орындап, шығармашылық концерттерге белсене қатысқан. Гастрольдік сапармен Қытай мен Түркияда, Мәскеу, Санкт-Петербург қаларында болып, өнер көрсетті.

56 жыл бұрын (1964) Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі. Барлыбай Кәрімұлы САДЫҚОВ дүниеге келді.

1988 жылы СССР Қорғаныс министрлігі Әскери институтын бітірген.

Дипломатия саласындағы қызметін 1993 жылы Қазақстан СІМ Еуропа және Америка елдері басқармасының атташесі қызметінен бастады. Әр жылдары СІМ орталық аппаратында және ҚР-ның Италиядағы, Швейцариядағы, АҚШ-тағы шет елдердегі мекемелерінде әртүрлі басшылық лауазымдарда жұмыс атқарды. 2008-2012 жылдары-ҚР СІМ Көпжақты ынтымақтастық департаменті директорының орынбасары, директоры. 2013 жылдан 2015 жылға дейін-ҚР СІМ Ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі; Қазақстанның БҰҰ жанындағы Нью-Йорктегі Тұрақты өкілінің орынбасары. 2016 жылдан бастап 2018 жылға дейін-ҚР Тұрақты Өкілдігінің бірінші орынбасары. Барлыбай Кәрімұлының Нью-Йоркте жұмыс істеген кезеңі Қазақстанның БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігімен тұспа-тұс келді, оның барысында ол Бас Ассамблеямен және БҰҰ Қауіпсіздік кеңесімен өзара іс-қимыл мәселелеріне жетекшілік етті, сондай-ақ БҰҰ ҚК санкциялық комитеттерінің мәжілістерін өткізген. 2018-2019 жылдары-Қазақстанның Пәкістан мен Бангладештегі елшісі.

2019 жылғы шілдеден бастап - Қазақстан Республикасының Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

55 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесі хатшысының орынбасары Тимур Ғазизбекұлы ТӘШІМБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ ұлттық университетін «құқықтану» мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолы: Алматы қаласы Фрунзе ауданы прокурорының тергеушісі, көмекшісі (1989-1992); Алматы облысы Талғар ауданаралық прокурорының аға көмекшісі (1992); Алматы облысы Іле ауданы прокурорының аға көмекшісі, прокурорының орынбасары (1992-1995); ҚР Бас Прокуратурасы басқармасының аға прокуроры (1995-1996); ҚР Бас прокуроры хатшылығының аға көмекшісі-бастығы (1996-1997); ҚР Бас прокуратурасы Департаменті басқармасының бастығы (1997-2000); Алматы қаласы Түрксіб және Бостандық аудандарының прокуроры (2000-2003); Астана қаласы прокурорының орынбасары (2003-2007); ҚР Президенті Әкімшілігінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2007-2012); Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының жедел-іздестіру қызметінің заңдылығын қадағалау департаментінің бастығы (2012-2017); Ақмола облысының прокуроры (2017-2020).

2020 жылдың ақпанынан бастап – қазіргі қызметінде.

49 жыл бұрын (1971) Қазақстан Республикасының Индонезиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2019 жылдан), Қазақстан Республикасының Филиппин Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісін қоса атқарушы Данияр Кабидоллаұлы САРЕКЕНОВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. 1993 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетінің тарих факультетін бітірген.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрілігінің жүйесінде 1993 жылдан бастап жұмыс істеп келуде. 1993-1997 жылдары – Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрілігінің Азия мемлекеттері Департаментінің референті, атташесі, үшінші хатшысы. 1997-2000 жылдары - Қазақстан Республикасының Корея Республикасындағы елшілігінің атташесі, үшінші хатшысы. 2000-2002 жылдары – ҚР СІМ Халықаралық экономикалық ынтымақтастық Департаментінің бірінші хатшысы, басқарма басшысы. 2002-2003 жылдары – ҚР СІМ Таяу шығыс және Африка департаментінің басқарма басшысы. 2003-2004 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаментінің бөлім бастығы. 2004-2006 жылдары – ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің Сыртқы байланыстар бөлімі меңгерушісінің орынбасары. 2006-2007 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаменті директорының орынбасары. 2007-2011 жылдары – ҚР Жапониядағы Елшілігінің кеңесшісі, кеңесші-уәкілі. 2012-2013 жылдары – ҚР СІМ Азия және Африка департаменті директорының орынбасары. 2013 жылғы қыркүйек – 2019 жылғы мамыр - Қазақстан Республикасының Малайзиядағы Төтенше және Өкілетті Елшісі.

44 жыл бұрын (1976) «СК-Фармация» ЖШС басқарма төрағасы Есқалиев Ерхат Серікұлы дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. «Братьев Карич» университетінің Банк ісі және сауда академиясын, «Әділет» жоғары құқық мектебін, Халықаралық бизнес академиясын, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Халықаралық бизнес мектебін бітірген.

Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің инвестициялық институттарымен жұмыс жөніндегі бөлімнің жетекшісі, бас маманы (1998-1999); Атырау облыстық экономика бөлімінің бас маманы, бөлім бастығының орынбасары (1999-2001); Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Қаржы департаментінің директоры (01.2002-04.2002);Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік қарыз және несиелендіру департаменті директорының орынбасары (2002-2003); «Қазақстан темір жолы» ҰК «АҚ инвестициялық саясат және жобалық қаржыландыру департаментінің директоры (05.2003-10.2003); Қазақстанның Даму Банкі» АҚ Басқарушы директоры (2003-2006); «ҚДБ-Лизинг» АҚ Басқарма Төрағасы (2006-2008); «Қазтеміртранс» АҚ Президенті (2008 -2009); Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда вице-министрі (2009-2010); «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы «АҚ президентінің кеңесшісі (2010-2011); «Қазақстан темір жолы» ҰК «АҚ логистика жөніндегі вице-президенті (2011-2013); Бас директор, Президиум мүшесі, Қазақстан Республикасының Ұлттық палатасы Көлік, логистика және байланыс комитетінің мүшесі (2013-2015); «Біртұтас Көлік және Логистика Компаниясы» АҚ-ның бірінші вице-президенті (2015); «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры «АҚ « Көлік және логистика «салалық басқармасының директоры(2016-2018); Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Көлік логистикасы ішкі комитетінің төрағасы (2018-2020).

2020 жылдың шілде айынан бастап қазіргі қызметінде.

36 жыл бұрын (1984) Тараз қаласы әкімінің орынбасары Алмас Қадырбекұлы СӘДУБАЕВ дүниеге келді.

Тараз қаласында туған. 2005 жылы М.Х.Дулати атындағы университеттін «Журналистика» мамандығы бойынша, 2007 жылы «Қайнар» университетін «экономика» мамандығы бойынша, 2011 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетін бітірген.

Еңбек жолын 2004 жылы «Қазақстан-Тараз» телеарнасының жаңалықтар бөлімінің редакторы болып бастаған. 2005-2008 жылдары, жаңалықтар бөлімінің редакторы, «Қазақстан ұлттық телеарнасы» АҚ PR-директоры, Астана қаласы; 2008-2010 жылдары республикалық басылым «Заң» газеті және журналының бас редакторы, Алматы қаласы; 2010 жылы- Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты төрағасының баспасөз хатшысы; 2010-2011 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті баспасөз қызметінде сарапшысы; 2011-2015 жылдары – «ҚР ІІБ Медиа орталығының» бас директоры ; 2015-2020 жылдары – Ішкі істер министрінің баспасөз-хатшысы, Қазақстан Республикасы ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры лауазымында қызмет атқарып келді.

2020 жылдың шілдесінен бастап қазіргі қызметінде.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT