+7 (701) 759 90 19
USD 427.91 EUR 506.9
RUB 5.6 CNY 64.17
Jańalyqtar

25 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 25 қыркүйек 07:00
Бөлісіңіз:
25 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 25 қыркүйекке. арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
23 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі 22 қазан. Туған күн иелері 22 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі


ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1928 жылы Қызылордада «Ленинская смена» жастар газетінің (қазіргі «Экспресс-К» республикалық газеті) алғашқы саны жарық көрді.

1937 жылы Алматыда қалалық хайуанаттар бағы ашылды. Қазір хайуанаттар бағында 3 мыңнан астам жануар мен құстардың 500 түрі бар. Ол қала қонақтары мен тұрғындарының демалатын және көз тартатын орындарының біріне айналды.

1947 жылы Өскемен мырыш зауыты іске қосылды.

2005 жылы Шымкент археологтары Оңтүстік Қазақстанның Ордабасы ауданында көне жазба ескерткіштерінің бөлшектерін тапты. Ғалымдардың пайымдауынша, бұл жәдігерлер біздің дәуіріміздегі І-VI ғасырлардан жетіп отыр. Сол дәуірде Ежелгі Шығыс мемлекеттерінде қыш тақталарға жазу тәсілі кеңінен тараған. «Мирас» университетінің археологиялық отряды күйдірілген қыш тақтасын Арыс өзені алқабында орналасқан Қылымжар деген жердегі көне қоныстан тапты. Табылған қыш тақтада төрт қатар етіп жазылған 15 таңба анық көрінеді.

2012 жылы Мемлекет басшысының шешімдері мен маңызды оқиғалар туралы жедел ақпараттандыру мақсатында AkordaPress сайтында Қазақстан Президенті баспасөз қызметінің твиттер-аккаунты (twitter.com/AkordaPress) ашылды, онда Президенттің қатысуымен өтетін шаралардың аңдатпасы жарияланады. Мемлекет басшысының ресми сайты және Президенттің баспасөз қызметінің твиттер-аккаунты Мемлекет басшысы және Президент Әкімшілігі қызметі туралы ақпараттардың тең дәрежедегі және бірден-бір ресми көздері.

2012 жылы «Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына сәйкес Алматы қаласының аумағы өзгертілді. Оның құрамына Алматы облысына қарасты 11 920,93 гектар жердің, соның ішінде 8 360,52 гектары Қарасай ауданына және 3 560,41 гектары Талғар ауданына тиесілі бір бөлігі енгізілді.

2013 жылы ұлттық тарихты зерделеу жөніндегі ведомствоаралық жұмыс тобының ІІІ отырысы кезінде Қазақстанның көне дәуірінен бүгінге дейінгі ұлттық тарихына арналған жаңа анықтамалық-ақпараттық білім беретін «Қазақстан тарихы» e-history.kz веб-порталы таныстырылды.

2013 жылы «Мәңгі ел» халықаралық ғылыми-көпшілік тарихи журналының алғашқы нөмірі жарыққа шықты. Оның аудиториясы өз оқырмандарымыз бен шектелмей алыс және шетелдердің көзіқарақты қауымын қамтиды. Яғни, қазақ тарихына қызығатын планетаның кез келген адамының игіліне айналады

2015 жылы жас геологтар Әнел Тынысбек, Қаламқас Жағыпарова және Аружан Нұрұлла Сан-Паулода (Бразилия) өткен Жер ғылымы бойынша (International Earth Science Olympiad - IESO) халықаралық олимпиадада жүлделі орындар алды. Оған 20 елдің мыңнан астам жас геологтары қатысты.

2015 жылы ҚР Ұлттық архивінде қазақ мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл, ғалым Мұстафа Шоқайдың 125 жылдығына арналған «Мұстафа Шоқай: Алаш арысы» архивтік құжаттар көрмесінің ашылуы өтті.

2019 жылы Монреаль қаласында (Канада) Қазақстан Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (ICAO) мерейтойлық ассамблеясында 190-нан астам елдің арасында алғаш рет ICAO Кеңесі президенті атынан авиациялық қауіпсіздік жөніндегі сертификатты тапсыруға ұсынылды. Бұл Сертификат ICAO-ның «No Country Left Behind« (бірде-бір ел назардан тыс қалмайды) жаһандық бастамасын қолдау мақсатында тағайындалды. Мұндай марапат үшін елдерді іріктеу критерийлері ICAO-ның арнайы комиссиясы айқындайтын бағалаудың авиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді дамыту саласындағы мемлекет қызметінің соңғы жылдардағы нәтижелеріне негізделген.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT