25 қараша. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 25 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

136 жыл бұрын (1885-1935) қазақ ақыны, жазушы, ағартушы-педагог, Алаш орда үкіметінің белді басшыларының бірі Міржақып ДУЛАТҰЛЫ дүниеге келді.

Қостанай облысының Жангелдин ауданында туған. Екі жасында шешеден, он екі жасында әкеден жетім қалған жасөспірімнің кейінгі тәрбие қамқорлығы Асқар дейтін оқыған ағасының жауапкершілігінде болды.

Торғай қаласындағы екі сыныптық орыс-қазақ мектебіне түседі де, бес жыл оқып, ауыл мұғалімі деген куәлік алып шығады. Алты-жеті жыл бойы ел ішінде, ауыл мектептерінде бала оқытады. 1904 жылы Омбы қаласына аттанып, өзінің болашақ ұстазы Ахмет Байтұрсыновпен кездеседі. Оған еріп Қарқаралыға барып, ондағы ұлттық демократиялық қозғалысқа белсене араласады. Сол жердегі зиялы топтың өкілі ретінде қазақ конституциялық демократиялық партиясының Оралдағы съезіне қатысады, соның делегаттары қатарында 1906 жылы Петерборға барады.

1907 жылы Петерборда жалғыз нөмірі ғана шыққан «Серке» газетінде «Жастарға» деген өлеңі басылды. Тұңғыш өлеңдер жинағы 1909 жылы Қазан қаласында «Оян, қазақ!» деген атпен басылып шығады. Қызылжарда сот кеңесінде тілмәштық қызмет атқарып, мұғалімдік қызметін де жалғастырады. Қазақ балаларына орыс тілінен дәріс береді. Сол кезде одан біраз уақыт Мағжан да дәріс алады.

1910 жылы Қазандағы Кәрімовтер баспасынан «Бақытсыз Жамал» романы жарық көреді. А.Байтұрсыновпен бірге қыр өлкесінің ағартушылық-демократиялық бағыттағы тұңғыш бейресми басылымы «Қазақ» газетінің негізін қалайды.

Алаш басшыларымен бірге жаңа құрылыс жағына шығып, қалған өмірін түгелдей туған халқының мәдениетін көркейту мақсатына арнауды көздеген ол аз уақыт «Ақ жол» газетінің редакциясында, одан кейін Семей облысының сот органдарында қызмет атқарған.

«Балқия» атты төрт перделі пьеса жазды. 1924 жылы Орынборда екі жылдық «Қирағат кітабы» (хрестоматиялық оқулық), Қызылордада «Есеп құралының» жаңа басылымы жарық көрді. Кеңес үкіметі кезінде екі рет қуғын сүргінге ұшырап, тұтқындалған. 1935 жылы ауыр науқастан қайтыс болған. 1988 жылы ақталған.

Оның атында көшелер, мектептер, туған жерінде мұражай бар, ескерткіш орнатылған.

61 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасы Президенті кеңсесінің басшысы Нұрлан Баймолдаұлы ОНЖАНОВ дүниеге келді.

Бұрынғы Талдықорған облысында туған. Германистика мамандығы бойынша Гумбольдт атындағы Берлин Университетінің филология факультетін бітірген, филология ғылымдарының кандидаты.

1983-1986 - Алматы қаласында филология доценті; 1986-1992 - Мәскеу қаласында ғылыми қызметте; 1992-1994 - ҚР Баспа және бұқаралық ақпарат министрлігінің бөлім бастығы және министрдің кеңесшісі; 1994-1996 - Қазақстан Республикасы Президентінің Аппараты, Халықаралық бөлімінің аға референті; 1996-1997 - Қазақстан Республикасының Австрия Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы кейін кеңесшісі; 1997-2001 – ҚР Швейцария Конфедерациясындағы Елшілігінің кеңесшісі; 2001-2002 - ҚР Сыртқы істер министрлігі, Экономикалық саясат департаментінің директоры; 2002-2003 - Қазақстан Республикасының Майндағы Франкфурт қаласындағы Бас консулы; 2003-2004 - ҚР Сыртқы істер вице-министрі, ТМД істері комитетінің төрағасы, «Орталық Азия ынтымақтастығы» ұйымы қызметінің мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының Ұлттық үйлестірушісі; 2004-2007 - ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары; 2007-2008 - Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі; 2008-2014 жылдары - Қазақстан Республикасының Германия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі және Дания Корольдігіндегі Елші міндетін қоса атқарушы.

2014 жылғы шілдеден ҚР Президентінің көмекшісі болған. Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың наурызынан.

«Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

60 жыл бұрын (1961) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Есенғазы Нұртөлеуұлы ИМАНҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Бұрынғы Семей облысында дүниеге келген. 1984 жылы Қазақ политехникалық институтын «инженер» мамандығы бойынша, 1991 жылы Ленинград мемлекеттік университетін «психология» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: Оқытушы, циклдік комиссия меңгерушісі, аға оқытушы, Балқаш тау-кен металлургиялық техникумы директорының орынбасары (1984-1992); Балқаш қаласы № 4 кәсіптік-техникалық лицейінің директоры (1992-2001); Қарағанды облысы білім департаментінің директоры (10.2001-03.2008); Қарағанды облысы білім басқармасының бастығы (03.2008-11.2013); Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі (22.11.2013-04.2016); Қарағанды облысы білім басқармасының басшысы (2017-2020 жж.).

Қазіргі қызметінде 2020 жылдың шілдесінен бастап. «Ерен еңбегі үшін», «10 жыл Астана», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» медальдарымен марапатталған.

54 жыл бұрын (1967) Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Қанат Ілияұлы НҰР дүниеге келді.

Алматы қаласында дүниеге келген.1992 жылы Әл-Фараби атындағы ҚазМУ (тарих), 1994 жылы – Вашингтон Халықаралық Құқық институтын (келісімшарт құқығы) бітірген.1996 жылы Маастрихт Менеджмент мектебінде білім алған (Нидерланды, MSM). 2013 жылы Ресей Федерациясының Президенті жанындағы РХШ және МБА, іскерлік әкімшілдендіру докторы.

1991-1992 жылдары – Алматы менеджерлер мектебі жанындағы Алматы жас менеджерлер мектебінің директоры. 1992-1993 жылдары – Алматы басқару мектебінің директоры. 1993 жылы Қазақстан Республикасы экономика министрлігі жанындағы кәсіпкерлерді қолдау қорының экономикалық кенесшісі. 1993-1994 жылдары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жанындағы «Агро» Қазақстан фермерлер ассоциациясының бас директорының орынбасары. 1995-1997 жылдары «Делойт және Туш Казақстан» халықаралық аудиторлық компаниясының басқару жөніндегі аға консультанты. 1997-1998 жылдары ГПТ «Алтеба» қаржылық директоры (Алматытелеком). 1998-2000 жылдары – «Қазақтелеком» АҚ қаржылық бас директорының орынбасары. 2006-2007 жылдары – «Казкоммерцбанк» АҚ басқару директоры. 2008-2021 жылдары «Aspandau» ғылыми-білім беру қорының, «Aspandau Academy» Алматы жоғары басқару мектебінің президенті;

15.01.2021 жылдан бастап қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты.

«Құрметті байланысшы» атағының иесі. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл», «Казахтелекому 20 лет», «Ерен еңбегі үшін» медальдарімен марапатталған.


Соңғы жаңалықтар