25 қаңтарда Қазақстанның басым бөлігінде қатты аяз болады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК 25 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Антициклонның әсерінен Қазақстанның басым облыстарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек батыстың, солтүстіктің кей жерлерінде аздаған жауын-шашын күтіледі.

Республиканың кей жерлерінде желдің күшеюі, тұман, жаяу бұрқасын, оңтүстік-батыста көктайғақ болады.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Ақтөбе, Жамбыл облысының кей жерлерінде 15-20 жылдамдықпен жел соғады.

Ақмола, Қостанай облыстарының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. 

Алматы, Қарағанды, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде өте қатты аяз болатындығы болжануда.

Соңғы жаңалықтар