25 қаңтарда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 25 қаңтар күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

9.00-де Үкімет үйінде кезекті Үкімет отырысы өтеді. Күн тәртібінде елдегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдай және Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарлары қаралады. Үкімет отырысы PrimeMinister.kz сайтында және әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында онлайн режимде көрсетіледі.

11.00-де «Men media» кросс-медиа платформасы Ұлттық баспасөз клубымен бірлесіп, «Соттар мен алқабилер арасындағы текетірес» тақырыбында баспасөз мәслихатын өткізеді.

14.30-да ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық қарым-қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай «Орталық Азия – ҚХР» саммитіне қатысады.

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ұлттық құрамасының Бейжіңдегі қысқы Олимпиада ойындарына дайындығы және қатысуы туралы баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Мәдениет және спорт вице-министр Серік Жарасбаев және Қазақстан ҰОК Бас хатшысы Андрей Крюков. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz.


Соңғы жаңалықтар