25 қаңтар. Тұлғалар туған күн

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 25 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

66 жыл бұрын (1957) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің жоғарғы қолбасшылық өкілі, генерал-майор Мұқан Естайұлы ДҮЙСЕКЕЕВ дүниеге келді.

Павлодар облысының тумасы. Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесін (1978), Мәскеу қаласы М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясын (1993), РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясын бітірген (1999).

1974-1978 жылдары Алматы жоғары жалпы әскери командалық училищесінің курсанты, Орта Азия ӘО әскерлері мотоатқыштар дивизиясы мотоатқыштар полкі мотоатқыштар взводының командирі, 55712 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы бөлімшесінің топ командирі, Түркістан ӘО 43151 әскери бөлімі арнайы мақсаттағы бөлімшесінің арнайы жасақ топ командирі, Орта Азия ӘО әскерлері жеке гвардиялық десант-шабуыл бригадасы парашют-десант ротасының командирі, батальон командирінің орынбасары - штаб бастығы, батальон командирі, Түркістан ӘО Қолбасшысының қарамағында, М.В.Фрунзе атындағы Әскери академиясының тыңдаушысы (1978-1993), ҚР ҚМ қарамағында жеке гвардиялық десант-шабуыл бригадасы командирінің орынбасары, бригада командирі, РФ ҚК Бас штаб Әскери академиясының тыңдаушысы, механикаландырылған дивизия командирінің орынбасары - штаб бастығы, Ұтқыр күштер Қолбасшысының орынбасары, бірінші орынбасары - штаб бастығы (1993-2003), ҚР ҚМ ШБК арнайы әскери департаменті бастығының бірінші орынбасары - штаб бастығы міндетін уақытша атқарушы (2003-2005), ұйымдастыру-жұмылдыру департаменті бастығының міндетін уақытша атқарушы (2005-2008), «Шығыс» өңірлік қолбасшылығы әскерлері қолбасшысының бірінші орынбасары - Басқарма штабының бастығы, ҚР ҚМ ШБК төрағасының бірінші орынбасары (2008-2011), 2011 жылдың ақпанынан-орынбасары.

«Красная Звезда» (1982), 3-дәрежелі «За службу Родине в СССР» (1984), 2-дәрежелі «Айбын» (2010), медальдармен марапатталған.

61 жыл бұрын (1962) Алматы облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы Қалдарбек Жұмабайұлы ДОСЫМБЕТ дүниеге келген.

Шымкент қаласында туған. С. М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер (1987).

Еңбек қызметі: Алматы жылу оқшаулағыш конструкциялар және коммуникациялар зауытының жестянщигі (09.1979-12.1979); Алматы ауыр машина жасау зауытының ұстасы (1979-1981); Алматы қаласы телевизия және радиохабар тарату Мемлекеттік комитетінің 6-разрядты ағаш ұстасы (04.1981-12.1981); Алматы қ. Калинин аудандық сотының курьері (1981-1983); Алматы қаласы Калинин аудандық сот отырысының хатшысы, сот орындаушысы (1985-1991); Алматы қаласы Әділет басқармасының кадр жөніндегі кеңесшісі (1991-1992); Алматы қаласы Әуезов аудандық сотының судьясы (1991-1998); Алматы қаласы Алмалы аудандық сотының судьясы (1998-2001); ҚР Жоғарғы Соты жанындағы Сот әкімшілік комитеті Алматы облысы сотының әкімшісі (2001-2002); Алматы облысы СМЭС төрағасы (2002-2007); Алматы облысы Талдықорған қаласы сотының төрағасы (2007-2009); Алматы облысы Медеу аудандық сотының төрағасы (2009-2012); Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы (2012-2015).

Қазіргі қызметінде - 2015 жылдан бері.

«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Астанаға 10 жыл» (2008) медальдарымен марапатталған.

60 жыл бұрын (1963) ҚР Жоғарғы сотының судьясы Нұржан Үсіпханұлы ҚАЙЫПЖАНдүниеге келді.

Шымкент облысында (Қазіргі – Түркістан облысы) туған. Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, заңгер. 1986-1989 жылдары - Шымкент облысы Түркістан қаласы прокуратурасында аға тергеушінің міндетін атқарушы, аға тергеуші. Шымкент облысы Шардара ауданы прокуратурасының аға тергеушісі. 1991-1996 жылдары - Шымкент облысы Түлкібас ауданы прокуратурасының тергеушісі, прокурордың орынбасары. 1996-2002 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облыстық сотының судьясы. 2002-2008 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының төрағасы. 2008-2010 жылдары - Алматы облыстық сотының азаматтық істер алқасының төрағасы.

Қазіргі қызметінде - 2010 жылғы ақпаннан бері.

59 жыл бұрын (1964) Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі Жанетта Ғайсақызы КАЛИШЕВА дүниеге келді.

1986 жылы Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, 1992 жылы ҚР Ғылым Академиясының мемлекет және құқық институтын бітірген, заң ғылымдарының кандидаты, доцент.

Еңбек жолын 1986 жылы Қарағанды қаласы Совет ауданының прокуратурасында тағылымгер болып бастаған.

1986-1988 жылдары - Е.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде қылмыстық құқық және қылмыстық іс жүргізу кафедрасының стажер-зерттеушісі, оқытушысы.

1988-1992 жылдары - ҚР Ғылым Академиясының философия және құқық Институтының (мемлекет және құқық институты) аспиранты.

1992-1994 жылдары - Республикалық құқықтық ақпарат автоматтандырылған жүйесі орталығының бас консультанты, заңнама және құқықтық ақпарат басқармасы Заң жобаларын дайындау және құқықтық сараптама бөлімінің жетекші консультанты, заңнама және құқықтық ақпарат басқармасының кеңесші-консультанты, ҚР Әділет министрлігі Конституциялық заңнама басқармасы бастығының орынбасары.

1994-2005 жылдары - қылмыстық құқық кафедрасының аға оқытушысы, қылмыстық құқық кафедрасының доценті, тергеу-криминалистика факультеті деканының орынбасары, сырттай оқыту факультетінің деканы, қылмыстық құқық және криминология кафедрасы доцентінің м.а., криминологиялық зерттеулер орталығының аға ғылыми қызметкері, Қазақ мемлекеттік заң институтының еуропалық заң білім беру орталығының директоры.

2005-2007 жылдары - «Қазақ гуманитарлық заң университеті» АҚ Алматы заң академиясы Еуропалық құқық орталығының директоры, Халықаралық құқық факультетінің деканы.

2007-2014 жылдары - халықаралық байланыстар және Еуропалық құқық орталығының директоры, халықаралық құқық және халықаралық қатынастар мектебінің проректоры-директоры, қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мәселелері бойынша Басқарма Төрағасының кеңесшісі, Қазақ гуманитарлық-заң университетінің ғылыми сараптама және талдау институты өкілдігінің директоры.

2014-2016 жылдары - Алматы Менеджмент университеті құқық мектебінің директоры, мемлекеттік саясат және құқық мектебі деканының орынбасары.

2016-2018 жылдары - «Қазақ гуманитарлық заң университеті»АҚ мемлекеттік-құқықтық пәндер кафедрасының меңгерушісі.

2018 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - С.Зиманов атындағы құқықтық және экономикалық зерттеулер академиясының заңгерлерді бағалау және сертификаттау бюросының басшысы.

2021 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін - М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ гуманитарлық-заң университетінің жария құқық департаментінің Professor Emeritus.

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 1 маусымдағы № 905 Жарлығымен Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

«Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2004 ж.), «Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері» (2009 ж.) атақтарымен, сондай-ақ «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен (2020 ж.) марапатталған.

58 жыл бұрын (1965) Қазақстан Республикасы Жетінші сайланған Парламенті Мәжілісінің депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі Гүлдара Алданышқызы НҰРЫМОВА дүниеге келді.

Қызылорда облысында туған. 1982-1988 жж. – Қарағанды мемлекеттік медицина институтын «Емдеу ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолы: 1988 ж. - Тараз қаласындағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасының интерн дәрігері, терапевт дәрігері. 1993 - Тараз қаласындағы Теміржол ауруханасының терапевт дәрігері, бас дәрігер орынбасары. 1999-2020 ж. – «Мейірім» медициналық орталығының директоры.

2021 жылдан бастап «Nur Otan» партиясының партиялық тізімі бойынша VII шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты. Марапаттары: Қазақстан Республикасы Президентінің Құрмет грамотасы (2006), «Құрмет» ордені (2019), «Ерен еңбегі үшін» медалі (2013), «Халық алғысы» коронавируспен күреске қосқан үлесі үшін (2020), «Денсаулық сақтау ісінің үздігі».


Соңғы жаңалықтар